Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ ӘКІМІ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Т.РЫСҚҰЛОВ  АУДАНЫ  ӘКІМІ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы әкімі Ернар Есіркепов Қарақыстақ ауылдық округінің тұрғындарымен есепті кездесу өткізді. Сонымен қатар ағымдағы жылға арналған жоспарлар мен өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан ауыл маңындағы Батыс Қытай – Батыс Еуропа халықаралық автодәлізі бойындағы қауіпсіздік шараларын күшейту, ауыл кітапханаларын жаңғырту, сондай-ақ Қазақ ауылындағы М. Әуезов атындағы мектеп пен «Ер Төстік» балабақшасының қазандықтарын жөндеу мәселелері көтеріліп, аталған сұрақтарға заңнама талаптарына сәйкес жауаптар берілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ернар Серікәліұлы Жаңатұрмыс ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, олардың мал суару алаңдарын көбейту, учаскелік полиция қызметкерін тұрақты тағайындау және зиянкес шегірткелерді жою, мал жайылым алаңдарын ұлғайту сынды өтініш-тілектеріне қолданыстағы заң аясында жауап берген болатын. 

27.02.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3648
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3852
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18779
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17457
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20890