Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ерболат Садырқұловтың төралығымен аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті

 Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ерболат Садырқұловтың төралығымен  аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті

Тәуелсіз Қазақстан қалыптасуындағы алғашқы атқарылуы тиіс мәселе жастар саясатының қалыптасуы,жүзеге асырылуы болып табылады.Бүгінгі жас–болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын тұлға. Сондықтан да жастар мәселесі қай кезде де күн тәртібінен түскен емес. Соңғы жылдары елімізде жастар саясаты – маңызды стратегиялық сипат алып келеді. 

Осы орайда, бүгін Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ерболат Садырқұловтың төралығымен  аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті. 

«Біздің басты мақсатымыз – Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін жан-жақты, дамыған әлемдік деңгейдегі елге айналдыру, тұрғындардың, жастардың әл-ауқатын көтеруге бағытталған экономиканы дамыту және тиімді жоспарлауды жүзеге асыру болып саналады. Бұл мақсаттар мен міндеттер еліміздегі жастардың әрқайсысына ортақ, сондықтан сіздерді еліміздің өсіп-өркендеуіне ерекше үлес қосады деп сенемін! Қазақстанның табысты болашағы үшін жауап беретін еліміздің ертеңі – бұл жастар», — деп аудан басшысы Ерболат Салқынбекұлы өз сенімін білдірді.

Жиынға кеңес мүшелері толық құрамда қатысты. Сондай-ақ, ауылдық округ әкімдері, жастар ісі жөніндегі инспекторлар және БАҚ өкілдері қатысты.

Отырыста ауданда жастар саясатының жүзеге асырылу, жастардың жұмыспен қамтылуы жайында сөз қозғалды.

Басқосудың күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша аудандық жастар ресурстық орталығы директоры Әбіләшім Мырқасымов «Жамбыл облысында мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Әулиеата жастары» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу  барысы туралы» айтып берді.

 

Сонымен қатар, аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Л.Сапарбекова "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша баяндама жасаса,  Қорағаты ауылдық округінің бас маманы Ф.Нұржан және Ақбұлақ ауылдық округінің бас маманы А.Байғожаев «Ауылдық округі бойынша мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы туралы» сөз қозғады.

 

 

Мөлдір Тастанбек Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы
24.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

Аудан әкімі тұрғындарды қабылдады
Қордай ауданының әкімдігі - 18.08.2022 12
Халықтың талап-тілегі ескерусіз қалмайды
Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртаза Әлижанұлы - 18.08.2022 34
Жамбылда биыл 22 890 оқушы 1-сыныпқа барады
Тараз Жиырма Төрт - 18.08.2022 11
Шерхан және Мұсатай
Доқтырхан Тұрлыбек, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты - 17.08.2022 158
Сіз қандай қариясыз?
Мақұлбек МАЛДАРБЕКОВ, Қазақстанның құрметті журналисі - 11.08.2022 324

Топ жаңалықтар

1
Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт Нұр-Сұлтанда
Show more
Ермек САХАРИЕВ - 2022-08-18 66
2
Руслан Жақсылықов Мәскеуге барды
Show more
Ермек САХАРИЕВ - 2022-08-18 64
3
Әсерлі саяхат
Show more
Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы - 2022-08-18 45
4
Жұмыссыздарға арналған жобалар
Show more
Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы - 2022-08-17 91
5
Шерхан және Мұсатай
Show more
Доқтырхан Тұрлыбек, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты - 2022-08-17 157