Референдум — елдің ең маңызды мәселелерін халық болып шешудің төте жолы. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумға Т.Рысқұлов ауданының халқы дайын.
Таңертеңгі сағат 7-де сайлау учаскелері Әнұран орындаумен ашылды. Олар кешкі сағат 20.00-ге дейін істейді. 35 сайлау учаскесі жұмыс істеп, дауыс беруге құқығы бар 39 802 азамат бар. Қазіргі таңда барлық референдум учаскелерінің есігі келуші тұрғындарға ашық.
Ең алғашқылардың бірі болып Т.Рысқұловауданының әкімі Ерболат Садырқұловалғашқылардың бірі болып, сайлау учаскесіне барып, азаматтық көзқарасын білдірді.
Бүгін өтіп жатқан бүкілхалықтық референдумға Т.Рысқұлов ауданының тұрғындары белсене қатысып жатыр.
Әсіресе, ауылдың қариялары, ардагерлер үлкен белсенділік танытуда. Барлық сайлау учаскелерінде ең алғашқы дауыс берушіге, ардагерге, 18 жасқа жаңадан толған сайлаушыларға сыйлықтар таратылды.Сондай-ақ, Т.Рысқұлов ауданында 82жастағы зейнеткер Евдокимов Виталий Көгершін ауылдық округінде орналасқан №337 референдум учаскесіне алғашқылардың бірі болып, дауыс берді.Көгершін ауылдық округіндегі №337референдум учаскесіне жалпы дауыс берушілердің саны – 2117.
Сонымен қатар, аудандағы өзге этнос өкілдері елдегі бірлікті нығайтып, ынтымағы жарасқан Қазақстан елінің берекесін тасытуға үлес қосуда.
Референдум ел азаматтарына өз таңдауын жасауға мүмкіндік береді. Бұл ретте Мемлекеттің басты құқықтық құжатын халық өзі қабылдайды.
Аудан бойынша сағат 12-ге дейін дауыс беруге құқығы бар 39 802 23 641-і өз таңдауларын жасаған. Бұл 59,40 пайызды құрайды.