ТҮЛКІБАСТА ЖЫЛЫНА 120 ТОННА БАЛЫҚ ӨСІРІЛУДЕ

ТҮЛКІБАСТА ЖЫЛЫНА 120 ТОННА БАЛЫҚ ӨСІРІЛУДЕ
✔️Түркістан облысында 2030 жылға дейін 10 жыл ішінде тауарлық балық өсіру көлемін 20 мың тоннаға, жеткізу жоспарланып отыр. Бүгінгі күні облыста тауарлы балық өсірумен айналысатын шаруашылықтардың саны 231-ге жетті. Түлкібас ауданында балық шаруашылығымен айналысуға кәсіпкерлердің қызығушылығы күн санап артып келеді. Биыл осы бағытта 10 кәсіпкер өз ісін бастауға бел буып отыр. Жалпы аудан аумағында 26 кәсіпкер балық шаруашылығымен айналысады.
✔️Аудан әкімі Асқар Естібаев сондай кәсіпкердің бірі, Машат ауылының тұрғыны Ермахан Дүйсенбековтың бастап жатқан ісімен танысты.
✔️1,8 гектар жерге жасанды көл қазып, дайындап қойған. Ол жерге биыл 30 мың дана сазан, дөнмаңдай және ақ амур балығының шабақтарын жіберуді жоспарлауда.
✔️Ал сол маңдағы «Жеті үй» шаруашылығы осыдан 5 жыл бұрын жасанды көлге 20 мың дана сазан, дөнмаңдай және ақ амур балығының шабақтарын жіберіп, қазіргі таңда жылына кемінде 5 тонна өнім алды. Және де кәсіпкер көл жанына Сақ моншасын соғып, дәмхана ісін жүргізіп, табысын арттыруда.
✔️Қос нысан иелерінің алдағы жоспарларымен танысқан Асқар Сұлтанұлы мемелекет тарапынан қолдаулар көрсетілетіндігін жеткізіп, жауапты бөлім басшысына алдағы күндері балық шаруашылығын ашуға ниетті және іске асырған азаматтармен білікті мамандарды қатыстыра отырып семинар ұйымдастыруды тапсырды. Сондай-ақ осы бағыттағы жұмыстарды барынша жандандыру керектігін айтты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
26.01.2025

Ұқсас жаңалықтар

СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.03.2025 137
ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ ОРНАТЫЛУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.03.2025 39
Қазақстанның МХҚКО-ларында қосымша сервис енгізілді
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияcы - 14.03.2025 113

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 2162
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 2394
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 17285
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 16007
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 19381