Түркістан облысы, Түлкібас ауданының басты даму жоспарына енген «Түлкібас саясы» шипажайының екінші корпусы толығымен іске қосылды. Нысанға аудан әкімі Аскар Естібаев жауапты мамандармен барып, бүгінгі жағдайын бақылады. 2021 жылы ашылған емдеу-сауықтыру кешенінде бұған дейін 86 адамға төсек-орын қарастырылған болса, биылдан бастап төсек-орын саны 180-ге жетіп отыр.