Түнгі рейдте не көрдік?

Түнгі рейдте не көрдік?

Қазақстанда «Заң және тәртіп» шоғырландыру идеологемасы жүзеге асырыла бастағалы, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесіне құзырлы органдар бұрынғыдан да жіті назар аудара бастады. Ресми статистика бойынша жасөспірімдер жасаған қылмыстардың үлесі барлық тіркелген қылмыстардың шамамен 1,5-2%-ын құрайды екен. Бұл көрсеткіш халықаралық тәжірибемен салыстырғанда төмен саналады, бірақ құқық қорғау органдары топтық төбелес, буллинг, вандализм, есірткіге тартылу және интернет арқылы жасалатын құқық бұзушылықтардың көбеюіне алаңдаушылық білдіруде.

 

Астананың Сарайшық ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, жолын кесу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауқымды кешкі рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл туралы  елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Түнгі уақытта қоғамдық тыныштықты сақтау және жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларға Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері, Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының мамандары, ювеналды полиция қызметкерлері және жергілікті әкімдік өкілдері қатысты.

Мұндай ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасөспірімдер арасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алуға және туындаған мәселелерді заң аясында жедел шешуге мүмкіндік береді. Рейдтің негізгі мақсаты – түнгі уақытта көшеде, ойын-сауық орындарында және басқа да қоғамдық орындарда жалғыз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау. Мұндай шаралар балалардың өмірі мен денсаулығына төнуі мүмкін қауіптердің алдын алып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Тексеру барысында заң талаптарын бұзған жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жергілікті атқарушы орган өкілдері мен полиция қызметкерлері ата-аналарға балаларды тәрбиелеу мен олардың бос уақытын бақылауға жауапкершілікпен қарау қажеттігін тағы бір мәрте еске салды.

Айта кету керек, мұндай профилактикалық шаралар бір реттік акция емес. Жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында осындай рейдтер алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізілетін болады.

«Заң талаптарын сақтау – әр азаматтың міндеті. Осындай рейдтердің арқасында құқық бұзушылықтардың алдын алып, қоғамдық орындарға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға болады», – деп атап өтті Сарайшық ауданында.

Қазақстанда бұл мәселе бірнеше нормативтік актімен реттеледі. 

1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 442-бабы бойынша қарастырылуы мүмкін. Бұл бап бойынша: 16 жасқа толмаған балалардың сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін заңды өкілінсіз тұрғынжайдан тыс жерде жүруіне жол берілмейді. Егер бұл талап бұзылса, ата-анасына немесе заңды өкіліне әкімшілік жауапкершілік көзделеді. Сонымен қатар, 18 жасқа толмағандардың сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін ойын-сауық орындарында (кафе, клуб, компьютер клубы және т.б.) заңды өкілінсіз болуына тыйым салынады. Бұл жағдайда жауапкершілік мекеме иесіне де, заңды өкілге де жүктелуі мүмкін.

2. ӘҚБтК-нің 127-бабы. Бұл бап ата-аналардың немесе заңды өкілдердің баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындамауына қатысты жауапкершілікті белгілейді. Егер баланы қараусыз қалдыру оның қауіпсіздігіне қауіп төндірсе, осы бап қолданылуы мүмкін. Заңның негізгі мақсаты – балаларды: қылмысқа тартылудан, зорлық-зомбылықтан, жол-көлік оқиғаларынан, есірткі мен алкогольдің ықпалынан, басқа да қауіп-қатерлерден қорғау.

 

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
23.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26759
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26188
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43581
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39363
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43984