Тұңғыш рет шеберлер арасында республикалық чемпионат бастау алды

Тұңғыш рет шеберлер арасында республикалық чемпионат бастау алды
 
 Елімізде тұңғыш рет ардагерлер арасындағы дзюдодан өтетін республикалық чемпионат Жамбыл ауданының орталығы — Аса ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтті.
 Белдесуге еліміздің әр облыстарынан келген 15 командадан 200-ге жуық спортшылар қатысты.
♦ Спорттық шараның ашылу салтанатында Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы балуандарға сәттілік тіледі.
♦ Чемпионатқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы, Түркістан, Шығыс Қазақстан, және Жамбыл облысынан балуандар қатысуда. Турнир бірнеше күнге созылды.
♦ Талас ауданының дзюдошылары да аталмыш жарысқа қатысып, жүлделі орындардан көрінді. Атап айтқанда:
35-39 жас аралығында 90 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрбаев Ыдырыс — 3-орын, 45-49 жас аралығында 66 кг салмақ дәрежесінде Тоқбергенов Қанат — 3 орын, 45-49 жас аралығында 100 кг салмақта Қалаубеков Досан — 1 орын, 55-59 жас аралығында 81 кг салмақта Бекұзақов Бауыржан — 3 орын, 60 жастан жоғары 90 кг салмақ дәрежесінде Бөпетаев Қуаныш — 1 орынға ие болды.
Жерлестемізді жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз.
Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
08.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 6588
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 6715
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 21697
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 20312
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23801