Тұрғын үйлер салынып жатыр. Бірақ...

Тұрғын үйлер   салынып жатыр. Бірақ...

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров: «Биыл қаңтар-қырқүйекте 10,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 0,9 пайызға артық. Оң өсу 15 өңір бойынша тіркелді. Ең жоғарғы көрсеткіштер Түркістан, Жетісу, Алматы облыстарында және Шымкент қаласында байқалып отыр. Көрсеткіштің төмендеуі Ұлытау, Маңғыстау, Абай, Атырау облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында орын алды. Ауылшаруашылығының жалпы шығарылымы 6,9 пайызға артқан. Саладағы өндірістің оң өсуі 16 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсімді Қостанай, Ақмола, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары көрсетті. 7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасында жалпы жағдай мынадай. Барлық көрсеткіштер бойынша оң өсім 6 өңірде – Ақмола, Жамбыл, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында байқалуда. 6 көрсеткіш бойынша өсім 8 өңірде байқалуда. Бұл Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары және Астана қаласы», – деп мәлімдеді. Көңіл көншітерлік цифрлар. Бірақ баспанасыздар саны да өсіп барады. Неге?

 

Г. ТҰРСЫНҚОЖА
13.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5375
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5532
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20500
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19131
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22592