Ағымдағы жөндеуге арналған жолдың жалпы ұзындығы – 32 шақырымды құрайды. Мұнда ондаған жылдар бойы жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Қалыңдығы 5 см және ені 6 метр болатын асфальт мамыр айының соңына дейін салынады деп жоспарлануда.
«Жергілікті тұрғындар бұл жолды жөндеуді көптен бері сұрап келеді. Адамдар оның нашар жағдайына бірнеше рет шағымданды. Бұл жол учаскесін жөндеу Семей қаласын дамытудың кешенді жоспарында да, «Аманат» партиясының сайлауалды бағдарламасында да қарастырылған. Тұрғындар үшін бұл жолдың маңызы өте зор. Бұл жерлерде адамдар баратын көптеген туристік нысандар бар. Сонымен қатар бұл мекенде көптеген шаруа қожалықтары да бар, осы жолмен адамдар қалаға барып, ет сатады. Сондықтан барлығы жұмыстың аяқталуын асыға және үлкен үмітпен күтуде», – деді Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов.
Аталған жол учаскесінде ұзақ уақыт бойы жөндеу жұмыстары болмағандықтан, құрылысқа қатысты қиындықтар бар. Сонымен қатар жұмыстар су тасқыны кезеңі салдарынан еріген қар топыраққа терең еніп, онда асфальт негізін сапалы дайындауға мүмкіндік бермейтін терең шұңқырлар пайда болуымен күрделене түсуде. Бұл мәселені шешу үшін жұмысшылар ондай жерлерді терең қазып, үлкен тастармен толтырады. Содан кейін жолдың негізі толығымен құрғағанша және нығайтылғанша 10 күн күту керек болады.
Жұмыстың осы түрі аяқталғанға дейін жол учаскесінде ауыр жүк көліктерінің өтуі үшін шектеу белгілері қойылып, уақытша айналма жолдар салынған.
Сонымен қатар жол техникасының жұмысы тоқтап қалмайды. Құрылысшылар жолдарды фрейзерлеуді жалғастыруда: ескі асфальтты қабаты алынғаннан кейін, бұл материал шұңқырлар мен жол беттерін тегістеу үшін қайта пайдаланылады.
Қолайлы ауа райы жағдайында құрылысшылар келесі аптада асфальт төсей бастайды. Жөндеуге шамамен 15 мың тонна асфальт пайдаланылады.