Тұрғындардың мәдениеті ауыл тазалығынан көрінеді

Тұрғындардың мәдениеті ауыл тазалығынан көрінеді

 

Көктем шыға «ақ көрпесінен» ажыраған қара жердің әрбір аумағынан пластикалық бөтелкелер мен пакеттер, күл-қоқыстар қылаң беріп, «мені көрдің ба» деп тұратыны белгілі. Бұл енді барлық ауылдарға тән құбылыс. Сондықтан, күн жылынып, жер қарая салысымен Ақсуат ауданының барлық ауылдарында күл-қоқыспен «ашық айқас» басталды. Еліміз бойынша бастау алған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы сенбілік жұмыстарының қарқынын арттыра түскенін де атай кеткен жөн.

Бүгін міне, аудан орталығы - Ақсуат пен барлық ауылдарда, елді мекендерде жергілікті тұрғындар және мемлекеттік мекеме ұжымдары әрбір саябақтарға, көше аулаларына, кәсіпорындар мен ғимараттардың аумақтарына біркісідей тізе қоса жұмылып, тазалық жұмыстарын атқарып жатыр. «Тазалық – өмір айнасы, иманның жартысы» дегендей, бұрынғы жағдаймен салыстырғанда тұрғындардың тазалық тұрғысындағы мәдениеті артып келеді. Әр адам өз ауласын мүмкіндігінше таза ұстауға тырысады. Бұл енді қуантатын жәйт.

 

 

Тағы бір бөле-жара айтатыны, бүгінгі сенбілікке тек жастар жағы ғана емес, зейнеткерлердің, көпбалалы аналардың бала-шағасымен жаппай шығуы, шаруа қожалық иелерінің техникаларын әкеліп, қоқыстарды тиеп шығаруға қолғабыс еткені. Яғни, бұл мемлекеттің ғана емес, қоғамның ортақ ісі деп тазалық жұмысына жаппай атсалысуы жақсы бір үрдіске айнала бастады. Осы сәуір, мамыр айларында акция шеңберінде «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» тақырыптарымен тал, шырша көшеттерін отырғызу, бұлақтың көзін аршу іс-әрекетері жүелі атқарла бермек. Жасыл желек демекші, мәселен Көкжыра ауылында 1994 жылы бітірген мектеп түлектері өздерінің 30 жылдықтарына орай, туған ауылдарына өз қаражаттарымен 50 түп шырша көшеттерін отырғызды. «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» демекші, бір сәттік баянсыз емес, керісінше келешек ұрпақ көлеңкесінде саялайтындай шынайы жұмысты іске асырды.

 

 

Қазірге дейінгі, ресми дерекеті де келтіре кетсек, Ақсуат ауданы бойынша бүгінгі санитарлық тазалық акциясына жиыны 600 адам қатысуда. Жалпы көлемі 120500 шаршы метр аумақты тазалау көзделген. Тазалық жұмыстарына 17 техника қатынасып, 86 тонна қатты қалдық, күл-қоқыс шығарылған.

«Ауылдың, елді мекендердің тазалығы біріншіден, өзімізге керек. Табиғат-Анаға қамқорлықпен қарап үйренсек, одан жаман болмаспыз. Өзін сыйлаған әр азамат ауылын, ауласын таза ұстауға тырысады деген ойдамыз. Бір сөзбен айтқанда, елдің мәдниеті, әдептілігі, жауапкершілігі, өзін-өзі сыйлауы тазалық шараларынан айқын көрініс береді. Сондықтан, ел көлемінде жүріп жатқан «Таза Қазақстан» акциясы өте орынды бастама»,-дейді Ақсуаттағы «Жаңаауыл» мөлтек ауданының тұрғыны, зейнеткер Бақытгүл Лашынова.

Ерлан БАПАНОВ,

Абай облысы,

Ақсуат ауданы.

            

13.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 208
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 204
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 709
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 832
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 746

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8903
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8297
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11525
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9281
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10509