Өткен аптада аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Әлихан Балқыбеков қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға аудан әкімі аппаратының басшысы Нұркелді Қазақбайұлы, аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Талғат Үсенбаев, Мойынқұм ауылдық округінің әкімі Рүстем Тұрарқұл, Қарабөгет ауылдық окугінің әкімі Бағдат Сатыбалдиевтер қатысты. Мойынқұм ауылының тұрғындары Күміскүл Әбілдаева, Меруерт Жуанышева, Жұлдыз Әлдибай, Айымкүл Алдабекова, Сатанкүл Шыңғысова және Сарыөзек ауылының тұрғыны Айнұр Сәтбаевалар тұрғын үй кезегі, жұмыс мәселесі және қаржылай көмек көрсету жайында сұрақтарын қойды.
Аталған мәселелер бойынша аудан басшысы Әлихан Әбіләшұлы әр сұранысқа тиісті заң аясында жауап беріп, мәселелер бойынша жауапты басшыларға нақты тапсырмалар беріп, сауалдардың орындалу барысын жеке бақылауда ұстайтынын жеткізді.