Тұрғындармен тікелей жүздесу

Тұрғындармен тікелей жүздесу

Оралда 12 наурыз күні «Ашық әкімдік» іс-шарасы өтті. Әлемді жайлаған індеттің салдарынан тұрғындарға жергілікті билік өкілдеріне көптеген сауалдарын тікелей жолдау қиындық тудырғаны жасырын емес. Сондықтан оффлайн форматта ұйымдастырылған бұл шараның жерлестеріміз үшін маңызы зор болды.  

Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, «Ашық әкімдік» шарасы аясында қала әкімі Абат Шыныбеков пен оның орынбасарлары, қала әкімдігі құрылымдық бөлімдерінің басшылары, қала прокуроры мен полиция басқармасының бастығы азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Жалпы қабылдауға 130-дан астам оралдық азамат тұрғын үй, жер, әлеуметтік жағдайлар, бизнесті дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы сынды мәселелермен жүгінді. Негізінен көптеген адамдарды баспана мәселесі толғандыратыны белгілі болды. 

Қала басшысы Абат Абайұлы атап өткендей, облыс орталығында жыл сайын мемлекеттік бағдарламалар арқылы көпқабатты тұрғын үйлер салынып, оның бір бөлігі кезекте тұрған азаматтарға берілуде. Соңғы 3 жылда шаһарымызда әртүрлі санаттағы тұрғындарға 828 пәтер берілген. Қазіргі таңда азаматтарға үй сатып алу мақсатында өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін «Отбасы банкіндегі» депозиттерге салу мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар биылдан бастап кейбір санаттар            бойынша кезектегі азаматтар үшін тұрғын үй төлемінің бір бөлігі субсидияланатын болады.

«Ашық әкімдік» барысында бірқатар мәселелер өз шешімін тапса, кейбір мәселелер бойынша заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
17.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 126
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 163
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 159
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 126
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 269
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 274
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 487
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 446

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9144
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8542
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11771
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9536
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10750