Түрік мәдениеті және мұрасы қорының Президенті "Алықұл Осмоновтың поэзия әлемі" форумына қатысты

Түрік мәдениеті және мұрасы қорының Президенті "Алықұл Осмоновтың поэзия әлемі" форумына қатысты

Бішкекте көрнекті қырғыз ақыны Алықұл Осмоновтың туғанына 110 жыл толуына арналған «Алықұл Осмоновтың поэзия әлемі» атты Халықаралық форум өтіп жатыр. Түрік мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова форумға қатысты.

 

«Әдебиет және өнер» порталының Бішкектен хабарлауынша, көрнекті қырғыз ақыны Алықұл Осмоновтың туғанына 110 жыл толуына арналған бұл форум — заманауи қырғыз поэзиясының негізін қалаушылардың бірі саналатын ақынның шығармашылығын ғылыми-академиялық деңгейде насихаттау мен зерттеу мақсатында ұйымдастырылған маңызды шара болды.

Форум аясында Ақтоты Райымқұлова ашылу салтанатында сөз сөйлеп, Алықұл Осмоновтың поэтикалық мұрасының бүкіл түркі өркениеті үшін маңыздылығын атап өтті. Ол 2024 жылы Қор тарапынан Бішкек қаласында Алықұл Осмоновтың үй-мұражайын қайта қалпына келтіру және мұражайландыру жобасының сәтті жүзеге асқанын мәлімдеді. Сонымен қатар, ол Қордың түркі мәдениеті, әдеби мұра және мәдениеттер арасындағы ынтымақтастықты ілгерілету бағытында қолға алған негізгі бастамаларын форум қатысушыларына таныстырды.

Форум Қырғызстанның ғылыми, саяси және мәдени мекемелерінің өкілдерін бір арнаға тоғыстырды. Шараның құрметті қонағы – Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Сүйінбек Касмамбетов болды.

2025 жылғы 12 мамырда Алықұл Осмоновтың атымен аталатын үй-мұражайының алдында орналасқан мүсініне салтанатты гүл қою рәсімі өткізілді.

Ісшараға Түрік мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова, Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Сүйінбек Касмамбетов, Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрлігінің, сондай-ақ Бішкек қалалық мэрі аппаратының жоғары лауазымды өкілдері мен басқа да қонақтар қатысты.

Сапар барысында қонақтар Алықұл Осмоновтың өмірі мен шығармашылығын бейнелейтін, ақынның бірегей қолжазбалары, жеке заттары және сирек архивтік материалдары жинақталған жаңартылған экспозициямен танысты.

Мұражай инфрақұрылымының заманауи стандарттарға сай жабдықталуы — мультимедиялық құралдар мен көрмелік шешімдер арқылы — классикалық қырғыз поэзиясының мұрасын жас ұрпақ пен шетелдік келушілерге әсерлі түрде ұсынуға мүмкіндік береді.

Ақтоты Райымқұлова баяндамасында: «Алықұл Осмоновтың үй-мұражайы жай ғана мәдени нысан емес, бұл — халықтың тарихи жадымен тікелей байланыс орнататын орын. Қордың осы кеңістікті жаңартуға үлес қосқанына мақтан етеміз, себебі дәл осындай орындар жас ұрпақтың ұлттық мұраға құрметпен қарауын және оны жалғастыру сезімін тәрбиелейді».

Сапар аясында Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы үй-мұражайдың Құрметті Қонақтар кітабына жүрекжарды лебізін қалдырды.

Мұражайдың қайта жаңғыртылуы — қаланың инфрақұрылымын дамыту мен әдеби-тарихи ескерткіштерді қолдау арқылы мәдени байланыстарды нығайтудың маңызды қадамы болды. Айта кетейік, бұл — Қордың алғашқы кең көлемді қалпына келтіру жобасы.

 

13.05.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 7109
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 7235
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 22225
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 20842
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 24336