Туристерге онлайн гид қызмет көрсетеді

Туристерге онлайн гид қызмет көрсетеді

Облысымыздың табиғаты мен климаттық мүмкіндіктері туризм саласын дамытуға қолайлы аймақ. Сондықтан болар, аймақтың инвестициялық тартымдылығы жоғары. Облыстағы саяси жүйенің тұрақтылығы, инвестициялық климаттың мықтылығы, географиялық тұрғыдан тиімді орналасуы инвесторларды қызықтырып отыр. Сонымен бірге, бүгінгі таңда туризм саласы уақыт талабына сай «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында цифрландырылуда. Бұл өңір туризмінің дамуына және жарнамасына зор әсерін тигізуде.

Бүгінде қоғам шексіз цифрландыру мүмкіндіктер кезеңінде өмір сүріп жатыр. Бұрнағы жылдары мүмкін еместей көрінген дүниелерге қазір етіміз үйренгені соншалық, оған тіпті таңғалмайтын болдық. Ойлап қарасақ, осыдан бірнеше жыл бұрын ғана хабар алудың негізгі құралы ретінде пошталарды пайдаланған болсақ, қазір түрлі функциялармен жабдықталған смартфондарды қолдануды үйрендік. Көптеген технологиялық дамудың нәтижелеріне қол жеткізудеміз. Сол секілді, бүгінгі заманауи игіліктердің бәрін бірінен соң бірін тізе берсеңіз, тізгінді тарта алмай қалуыңыз мүмкін.

– Қазіргі кезде әлемдегі барлық мемлекеттердің күн тәртібіндегі мәселе – жаппай цифрландыру болып тұр. Бұл бағытта атқарылған жұмыстар да аз емес. Бірнеше жылдан бері біздің өңірде де «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жоспарлы іске аса бастады. Аталмыш бағдарлама аясында Үкімет бес бағыт бойынша міндеттерді алға қойды. Оның екінші бағыты аясындағы цифрлық технологиялар ел тұрғындары мен шетелдік туристерге үлкен мүмкіндіктер бермек. Мәселен, өңірімізде үш-төрт жыл бұрын тарихи нысандарды цифрландыру жаппай қолға алынды. Нәтижесінде, облыс орталығы мен аудандарда орналасқан тарихи ескерткіштерге QR-кодтар орнатылды. Тұрғындар бұрын қандай да бір тарихи нысанға барғанда арнайы гидтердің көмегіне жүгінген болса, қазір бұл бағыттағы жұмыстар барынша оңтайландырылған. Тек, өз смартфоныңызға «App Store» немесе «Play Market» қосымшасы арқылы мобильдік қосымшасын жүктеп алсаңыз болғаны. Содан кейін ондағы «QR» белгісін басып, смартфон камерасын ескерткіштің «QR- код» нысанына бағыттап, сканерлеу керек. Міне, осыдан соң мобильдік қосымшадағы қазақы шапан киген ақсақал бейнесіндегі аудиогид сізге ғаламторсыз-ақ ескерткіш туралы барлық мәліметті рет-ретімен айтып беретін болады. Сонымен бірге, қосымшаның WEB нұсқасы арқылы өзіңіз барған тарихи аймақты 360 градустық форматты көруге мүмкіндігіңіз бар, – дейді облыс әкімдігі цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Руслан Ноқрабеков.

Облыс әкімдігінің туризм басқармасымен туристік нысандар туралы жылдам ақпарат беру мақсатында мобильді құрылғыларға арналған, туристік орындар туралы ақпаратты көпшілікке тарату үшін ыңғайлы болатын, құрамында бірнеше қызмет түрі енгізілген «Taraz tour» мобильді қосымшасы жасалды. Яғни, мобильді телефон камерасын арнайы орнатылған QR- кодқа жақындату арқылы берілген облыстық тарихи-мәдени және туристік орын туралы толық ақпарат алуға болады.

Мобильді қосымша үстеме шынайылық элементтерін құрайтын бес тілде аудио және мәтіндік ақпараттан тұрады (мемлекеттік, орыс, ағылшын, қытай және түрік). Нысанның орналасқан жері, ол жерге жету маршруты базаға енгізілген және қолданушы өз пікірін қалдыра алады.

Қосымша бес негізгі компоненттен тұрады:

– AR – тарихи персонаждар стилінде үстемелі шынайылықтың көмегімен ақпаратты қабылдауды жақсарту;

– VR 360 – Жамбыл облысының сакралды орындарында «Тұрған әсерді» беретін және виртуалды шынайылықты жасайтын 360 градусты видеороликтер;

– Offline режим – интернет желісі жоқ жерлерде де қосымшамен қолдануға мүмкіндік беретін тәртіп;

– туристік гид;

– объектіге келушілердің саны туралы толық аналитика.

Қазіргі таңда Тараз қаласының 11 туристік нысанына, әр нысанның кіреберіс бетіне биіктігі 1 метр, ені 70 сантиметр болатын мрамор тасына берілген туристік нысан туралы ақпарат енгізілген QR-код орнатылған. Қосымшаны жасаушы – «AV-Soft Weare» ЖШС.

 

Диас МАРАТҰЛЫ.
28.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 39
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 105
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 32
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 39
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 46
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 38
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 101
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 105
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 299
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 293
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 915

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8989
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8384
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11609
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9367
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10593