Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясының (TÜRKPA) 14-пленарлық отырысына қатысты

Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясының (TÜRKPA) 14-пленарлық отырысына қатысты

2025 жылғы 12 маусымда Астана қаласында (Қазақстан) Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова «TURKTIME: парламенттік дипломатияның рөлі» ұранымен өткен Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясының (TÜRKPA) 14-пленарлық отырысына қатысты.

Жиынның басты мақсаты — Түркі дүниесі елдері арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту, ортақ стратегиялық мақсаттарды айқындау және «TURKTIME» тұжырымдамасы аясында саяси, экономикалық, мәдени және құқықтық бірліктің негіздерін күшейту болды.

Өз сөзінде Ақтоты Райымқұлова мұндай алаңдардың түркі дүниесінің рухани тұтастығын нығайтуға қосар үлесінің зор екенін атап өтті. Ол көпғасырлық ортақ мәдени мұрамызды қайта жаңғыртып, келер ұрпаққа жеткізу Қордың басты миссиясы екенін айтты. Парламенттік дипломатияны бай түркі мұрасын сақтайтын көпірге теңей отырып, Ақтоты Райымқұлова мұндай ынтымақтастықтың түркі мемлекеттері арасындағы сенім мен ынтымақтастықты арттырып, өңірлік тұрақтылық пен өркендеуге қуатты серпін беретінін ерекше атап өтті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен отырысқа Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаев, Әзербайжан Республикасы Милли Мәжілісінің Төрайымы Сахиба Гафарова, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Нурланбек Тургунбек уулу, Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Нуман Куртулмуш, Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің Заң шығарушы палатасының Төрағасы Нуриддин Исмоилов, сондай-ақ мүше және бақылаушы мемлекеттердің парламенттік делегацияларының өкілдері, түркі ынтымақтастық ұйымдарының, халықаралық құрылымдардың және өзге де серіктес мекемелердің өкілдері қатысты.

16.06.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14275
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14206
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29355
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27990
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31520