ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ БОРЫШЫН ӨТЕГЕНДЕР ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ҰБТ-СЫЗ ТҮСЕ АЛАДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ БОРЫШЫН ӨТЕГЕНДЕР ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ҰБТ-СЫЗ ТҮСЕ АЛАДЫ
Бұл туралы бүгін өткен брифингте Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Жандос Күлдербаев айтты.

– Мерзімді әскери қызмет өткергендер 2 жыл ішінде, ҰБТ-ны есепке алмай, әңгімелесу нәтижесі бойынша ЖОО-ға тегін оқуға түсуге мүмкіндігі бар. Бұл әскери бөлім командирінің мінездемесі негізінде жүзеге асады. Ал лайықты әскери қызметшілер ЖОО-ның гранты есебінен тегін жоғары (оның ішінде жоғары білімнен кейінгі) білім алуына болады. Сондай-ақ, емтихансыз грант негізінде ЖОО-ның әскери кафедрасына (офицер атағын алу үшін) түсу де қарастырылған. Одан бөлек, лайықты әскери қызметшілер емтихансыз және ҰБТ-ны есепке алмай ҚР ҚМ-нің әскери оқу орындарына түсе алады. Бұл - елімізде қарастырылып жатқан үлкен жоба. Қазіргі таңда 30-ға жуық жоғары оқу орындары бұл жобаны қолдап отыр, - деді Жандос Тынымбекұлы. 
Спикердің сөзінше, әскери мерзімі біткендер келсім-шарт негізінде 3 жылға қалып, жұмыс істеуге мүмкіндігі бар. Оған арнайы тұрғын үй мен жалақы қарастырылған. Осы ретте 5-10 жылға дейін ұзартуға болады.

Сонымен қатар, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кезіндегі жұмыстар ашық форматта жалғасады. Кез келген адам қажетті ақпарат алу үшін хабарласа алады және барлық сұрақтарына жауап беріледі. Ол үшін Түркістан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментте, басқарма мен бөлімдерде «Қарулы Күштер – Адалдық алаңы» атты жобалық кеңсе жұмыс істейді. Әлеуметтік желілерде электрондық пошта мен ресми аккаунттар ашылған.

Айта кетейік, мерзімді әскери қызмет өткеру тек қару қолдану, күрделі әскери техниканы меңгеру дағдыларын игеруге ғана мүмкіндік бермейді, сонымен қатар, денені шынықтырып, рухани нығаюға ықпал етеді. Сондай-ақ, әскери қызмет - әр жас жігіттің заңды түрде белгіленген міндеті. 
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
05.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 147
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 48
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 142
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 147
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 334
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 327
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 950

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9025
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8421
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11649
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9405
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10631