ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАП, ӨТІНІШ-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАП, ӨТІНІШ-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ
Түркістан облысында тұрғындарды жеке қабылдау тұрақты өткізіліп келеді. Онда көтерілген кез келген мәселе назарға алынып, бірі сол мезетте шешімін тапса, бірінің оңтайлы шешілуі уақыт талап етеді. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев өзі жетекшілік ететін салалар бойынша өңір тұрғындарын кезекті рет қабылдады. Жеке қабылдауға тиісті басқарма басшылары мен жауапты мамандары қатысты.
Тұрғындар негізінен денсаулық, жұмысқа орналасу, білім саласына қатысты мәселелерді көтерді. Бірі оңалту орталығын ашуға құжаттарды дайындау барысын білгісі келсе, енді бірі мектеп формасын алу мәселесін айтты. Сонымен қатар «Жаңа қала» шағын ауданында балабақша ашу туралы ұсыныс берілді. Бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалысынан, жұмысқа қайта орналасу, оқу грантына қатысты түйткілдер де айтылды. Тұрғындардың бірі денсаулық жағдайына байланысты мүгедектік тобын қайта тағайындауды сұраса, жауапты басқарма ай, тоқсан сайын мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған үйлестіру кеңесін өткізіп отырса деген тілегін жеткізді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдауды күшейту, инклюзивті орталық ашу жөнінде де өтініштер тыңдалды. Жұмыстан себепсіз шығып қалған мұғалім соттың шешімімен келіспейтінін жеткізсе, тағы бір тұрғын мүгедектігіне қолдау шараларын жүргізуді және тұрғын үй салуға жер учаскесін сұрады.
Ашық форматта өткен қабылдауға Шымкент, Түркістан және Кентау қаласынан, Сауран, Ордабасы, Қазығұрт. Сарыағаш, Түлкібас, Бәйдібек аудандарынан 16 азамат келді. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Дәулетұлы жеке қабылдауда тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе хаттамаға енгізіліп, заң аясында тиісті жұмыстар жүргізілетінін атап өтті. Сонымен қатар өтініштер бақылауға алынатынын жеткізді. Жауапты басшыларға мәселелерді зерделеп, қысқа мерзімде шешуді тапсырды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
02.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 33
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 111
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 308
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 302
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 925

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8998
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8393
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11618
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9376
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10602