Меритократия қағидасына сәйкес, Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып Бектұрғанов Әділ Ержанұлы тағайындалды. Жаңа орынбасарды Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев ұжымға таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
– Облыс әкімінің Өңірлік кадрлық резервінің өкілі, Заң бөлімінің басшысы қызметін атқарған Әділ Ержанұлы жаңа қызметке тағайындалып отыр. Бұл тағайындау – облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының іскер жастарға деген қолдауы мен сенімі және меритократия қағидасын орындау. Жаңа орынбасарға жетекшілік ететін салалар бойынша түйінді мәселелерді анықтап, бөлімдермен бірлесе шешу жолдары жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырамын, – деді Еркебұлан Дауылбаев.
Әділ Бектұрғанов 1991 жылы ОҚО-да дүниеге келген. Білімі – жоғары, мамандықтары – құқық қорғау қызметі, экономика.