ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУА РАЙЫНЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛДАРҒА БЕКЕТТЕР ҚОЙЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУА РАЙЫНЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛДАРҒА БЕКЕТТЕР ҚОЙЫЛДЫ
Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Қанат Ракишев мәлімдеді.
«Түркістан облысында қыс мезгіліндегі түрлі апаттардың алдын алу бойынша көлік қозғалысын тоқтату үшін уақытша бекеттер қойылды. Оның ішінде, республикалық маңызы бар жолдарға 5 бекет қойылып, 28 қызметкер мен 8 қызметтік автокөлік жұмылдырылды. Ал, облыстық маңызы бар жолдарға 2 бекет қойылып, 8 қызметкер мен 4 қызметтік автокөлік тартылды. 21 қаңтардан бері Түркістан облысы полиция департаменті мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері республикалық манызы бар «Шымкент–Тараз» автожолында тәулік бойы қызмет атқаруда. Бұдан бөлек, қазіргі таңда облыстан Тараз қаласы бағытындағы жолдар да толық жабық. Оның ішінде, «Машат», «Шақпақ баба» асуы, Түлкібас және Сайрам аудандарында ішкі жолдарда полиция органдарының 28 қызметкері жолдарды жабу бойынша жұмыстар атқаруда. Сонымен қатар, Бәйдібек және Созақ аудандарындағы ішкі жолдар жабылған. Ауа-райының жақсаруына дейін тұрғындарды көлікпен алыс жолға шығудан бас тартуға шақырамыз»,- деді Қанат Жұмаханұлы.
Брифингке қатысқан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Нұрлыбек Рахымбердиевтің сөзінше, автожолдарда апатты жағдайларды болдырмау мақсатында 40 техника жұмылдырылған. Сонымен қатар, жолдарды қардан тазарту үшін 192 бірлік техника жұмыс атқаруда.
«Қазіргі таңда ауа-райының нашарлауына байланысты Созақ ауданындағы жолдарда қалып қойған 3 жүк автокөлігінен 2 адам, Төлеби ауданындағы жолдарда қалып қойған 2 жеңіл автокөліктен 7 адам құтқарылды. Бүгінде облыс аумағында қажет болған жағдайда қолданылатын 2 трассалық медициналық-құтқару пункті бар. Сонымен бірге, 11 стационарлық жылыту пункті дайындалып, 8 жылжымалы жылыту бекеті вахталық автобустардың негізінде жасақталды»,- деді Нұрлыбек Шерахметұлы.
Сонымен қатар, брифингте облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары азаматтық қорғау капитаны Жасұлан Айнабек биыл өңірде 22 өрт оқиғасы орын алғандығын айтты. Олардың ішінде қайтыс болғандар мен жарақат алғандар жоқ. Ал, 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымында тұрғын үйлерде қазіргі кезге дейін 134 өрт тіркеліп, 3 адам жарақат алып, 1 адам қаза тапқан. 2025 жыл басталғалы улы газдан улану жағдайы тіркелмеген.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
22.01.2025

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУА РАЙЫНЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛДАРҒА БЕКЕТТЕР ҚОЙЫЛДЫ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 22.01.2025 65
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» АРҚЫЛЫ 749 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 22.01.2025 59
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА БАЛЫҚ ӨСІРУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨРКЕНДЕП КЕЛЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 22.01.2025 38
РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫ ҮНДІСТАН ЕЛІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТІП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 22.01.2025 30

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 13466
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 12304
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 15546
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 14473
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 19508