Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков бүгін көктемгі дала жұмыстарына дайындықты пысықтады. Биыл егіс көлемін 37 мың гектарға ұлғайтып, 906 мың гектарға жеткізу көзделуде. Басқарма басшысының орынбасары Әлібек Плаловтың мәлімдеуінше, егістікті әртараптандыру арқылы өнімділікті жаңа технология әдісімен ұлғайту үшін биыл 58 мың гектарға мақта егіледі. Тәжірбие көрсеткендей, технологияның тиімділігі – суды, минералды тыңайтқыштарды және жұмыс күшін үнемдей отырып, кемінде 60 центнерден өнім алуға болады (орташа көрсеткіштен 2,5 есе жоғары). Бұл бойынша шаруалармен кездесулер ұйымдастырылып, тиімділігі түсіндірілуде.

