ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЛЫНАТЫН ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ СӘУЛЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЛЫНАТЫН ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ СӘУЛЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
✔️Түркістан облысында салынатын нысандар мен ғимараттардың сәулеті облыс әкімдігіндегі арнайы кеңесте тұрақты түрде талқыланып тұрады. Бұл жолы да сәулеттік кеңестің кезекті отырысы өтіп, 16 жоба талқыланды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров әрбір құрылыс нысаны терең зерделеніп барып салынуы керек екенін тағы да ескертті.
📌– Нысандарды салмас бұрын оның орналасатын жерін, экономикалық тиімділігін, сәулетін терең зерделеу керек. Біз жеке инвесторларды қолдаймыз. Бірақ жобалары талапқа сай болуы тиіс. Жауапты мамандардың талқылауынан өткен соң ғана жобаларды жүзеге асыруға рұқсат беріледі, – деген Нұралхан Көшеров ұсынылған жобалардың бірқатарына ескертпелерін айтып, толықтыру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
✔️Кеңесте құрылыс нысаны салынатын аудан, қала әкімдерінің ұсыныстары тыңдалды. Сонымен бірге жеке кәсіпкерлер де өз ойларын айтып, жобаларын ұсынды. Олардың ірілеріне келсек, әкімшілік-іскерлік орталығынан көрме орталығын салу, бой көтерген Қазақ-корей университетінің ғимаратының сәулетіне қатысты идеялар айтылды. Сонымен бірге филармония, галереяның құрылысына қатысты ұсыныстар да берілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
04.02.2025

Ұқсас жаңалықтар

Негізгі миссия - Заң және тәртіп
Бас прокуратураның баспасөз қызметі - 24.02.2025 187
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЛЫНАТЫН ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ СӘУЛЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.02.2025 129
ТӨЛЕБИДЕ ЭКОТУРИЗМ ДАМИДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.02.2025 71
ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.02.2025 135
БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖОЛДАРДЫ ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.02.2025 70

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 14396
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 13189
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 16468
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 15354
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 20408