ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЫЖАЙЛАР КӨМІРМЕН ТІКЕЛЕЙ ӨНДІРУШІМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЫЖАЙЛАР КӨМІРМЕН ТІКЕЛЕЙ ӨНДІРУШІМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ
Жылыжай шаруашылықтарын көмір отынымен бір қолдан қамтамасыз ету үшін «Turkistan resource» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылып, көмір отынын өндірушілерден тікелей тасымалдау келісім шарты жасалынды. Келісім шартқа сәйкес 2024 жылдан бастап «Шұбаркөл көмір» акционерлік қоғамынан жылыжай шаруашылықтарына тікелей 150 мың тонна көмір отыны жеткізіледі.
Айта кетейік, облыста 1640 га жылыжай бар, оның ішінде 634 га жылыжай көмірмен жылытылады. 275 мың тонна көмір қажет етіледі, қазіргі таңда 95 мың тонна сатып алынды.
Облыс әкімдігі тарапынан жылыжай шаруашылықтарының мәселелерін Үкімет деңгейінде көтерудің нәтижесінде жылыжай шаруашылықтарын қолдаудың жаңа тетіктеріне қол жеткізіп, жылыжайлардың жылыту шығындарын субсидиялау ережесі бекітілді.
Осы орайда, жылыжайларды жылыту шығындарының 20 пайызы субсидияланатын болады. Оның ішінде, фермерлік жылыжайлардың гектарына 4,8 млн. теңге, өндірістік жылыжайларға 8,1 млн. теңге бөлінеді. Бұл мақсатта биыл 500 млн. теңге қаржы бөлінді.
Бұдан бөлек, облыста фермерлік жылыжайларды «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамы арқылы мемлекеттік стандарттау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі күнге жылыжай шаруашылықтары тарапынан 732 өтінім тапсырылып, 531 фермерлік жылыжай сертификатталды.
Түркістан облысы
16.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

СМАРТФОН СЫЙЛАДЫ
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 04.12.2023 28
Ауыл шаруашылығын дамыту  — негізгі мәселенің бірі
Сакен Мамытов, Сарысу ауданының әкімі - 03.12.2023 28
Пікір сайыс қозғалысы
Жомарт Зұлпыхар - 02.12.2023 54
ШЫМКЕНТТЕ 3 ЖЫЛДА 472 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі - 25.07.2023 1738

Топ жаңалықтар

1
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 4185
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 3833
3
Оразай би ҚОЖАГЕЛДІҰЛЫ. Әшімжанның әкесі.
Show more
Жанарбек Әшімжан ФБ парақшасынан - 2023-06-01 3992
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 3926
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 3998