Түркістан облысындағы қайғылы жағдай елімізді дүр сілкіндірді

Түркістан облысындағы қайғылы жағдай елімізді дүр сілкіндірді

2025 жылғы 18 қараша күні таңертең Түркістан облысы Жетісай ауданына қарасты Алғабас ауылында екі қабатты жеке тұрғын үйде алапат өрт болды. Оқиға салдарынан 12 адам қаза тапты, олардың тоғызы – бала. Үйден ес-түссіз күйде табылған үш адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, барлығы жансақтау бөлімінде жатыр.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер келген кезде үй толықтай өртке оранған. 360 шаршы метр аумақтағы өрт толық сөндірілді. Көршілердің айтуынша, алдыңғы күні үйде іс-шара өткізіліп, қонақтар болған.

Полиция бұл оқиға бойынша «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабымен қылмыстық іс қозғады. Өрттің нақты себебі тергеліп жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, Үкімет пен облыс әкімдігіне тиісті көмек көрсетуді тапсырды. Денсаулық сақтау органдары зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмегін көрсетіп жатыр. 

Бәріміздің қабырғамыз қайысты. Қаза тапқандардың туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз.

«Qazaqstan dauiri» газеті мен 

«Мөлдір бұлақ»  журналы ұжымы 

 

20.11.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20089
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19917
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35046
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33618
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37439