ТҮРКІСТАН: ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ МОНИТОРИНГ ТОБЫ САЙРАМДЫҚ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ТҮРКІСТАН: ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ МОНИТОРИНГ ТОБЫ САЙРАМДЫҚ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстан халқы Ассамблеясының мониторинг тобы Қарабұлақ, Манкент ауыл округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиынға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Махан, ҚР Парламенті сенатының депутаты Алишер Сатвалдиев және ҚХА Республикалық этномедиация кеңесінің төрағасы Шерзат Пулатов қатысты.
Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов жүргізіп отырды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының мониторинг тобының мүшелері елдің қауіпсіздігі мен бейбітшілігін сақтау үшін ішкі тұрақтылық пен этникалық топтар арасындағы келісімділікті арттыру ретіндегі рөліне тоқталды. Сондай-ақ этносаралық саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары мен жеткен жетістіктерін атап өтті.
Ашық пікір алмасу форматында өткен мәжіліс барысында қоғам қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуде қандай жұмыстарды атқару қажеттігі туралы мәселелер талқыланды.
Жиын соңында тұрғындардың туындаған сұрақтарына жауап берілді. Мемлекеттік органдардың этносаралық байланысты нығайту жөніндегі тиімді тетіктері мен Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің жаңа бағыттары туралы ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
21.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 53
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 580
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 694
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 609
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 618

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8753
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8153
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11382
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9136
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10367