ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ НӘТИЖЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ НӘТИЖЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында қолға алынған «Ауыл аманаты» жобасы халықтың табысын арттыруға оң ықпал етті. Осы ретте, жоба бойынша жүзеге асырылған жұмыстар бойынша аудан әкімі Арман Абдуллаев «Amanat» партиясы фракция мүшелеріне баяндады.
Жиынға салаға жауапты аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі аппарат басшысы, қала және ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары, «Amanat» партиясы фракциясының төрағасы Ш. Ибрагимов және мүшелері, аудандық мәслихат төрағасы С. Тасқұлов, «Amanat» партиясының аудандық филиалының төрағасы Қ. Қыстаубаевтар қатысты.
Мәжіліс соңында қатысушылар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, жан-жақты талқыланды.
Өткен жылы пиллоттық жобаға қатысушы ретінде ауданға қарасты 4 ауылдық округ, атап айтқанда, Жібек жолы, Жарты төбе, Қызылжар, Құркелесте жүргізілген скрининг жұмыстарының нәтижесінде әр ауылдық округтің мамандандырылуына қарай басым бағыттар айқындалып, негізгі 6 бағыт бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Аталған ауылдық округтер кесіндісінде 4 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, несие алуға ниетті азаматтар осы кооперативтерге біріктірілді. Нәтижесінде 820 азамат жұмыспен қамтылған. Биыл «Ауыл аманаты» жобасын жаңадан 4 ауылдық округ, атап айтқанда: Қабланбек, Дербісек,Тегісшіл, Дарбаза ауылдық округ тұрғындарымен жүзеге асыру жоспарлануда.
Айта кетсек, «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында шаруаларды несиелендіру жүргізілуде. Пилоттық жоба бойынша несиелендіру өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары секілді 6 бағытта жүзеге асырылады. Сондай-ақ кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың өз кәсібін ашуға мүмкіндіктері бар. Бағдарламаның іске асырылуы тұрғындарды жұмыспен қамту арқылы жеке табысын ұлғайтуға, ауылдардағы мүлікті және бизнестің жаңа субъектілерін тіркеу арқылы 4-деңгейдегі бюджеттің салық базасын ұлғайтуға, толық циклді қайта өңдеу өндірістерін құру есебінен жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
22.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 53
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 580
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 694
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 609
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 618

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8754
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8154
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11383
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9137
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10368