ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖҮЗІМ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖҮЗІМ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
Сарыағаш ауданында жүзім шаруашылығын дамыту бойынша семинар-кеңес өтті. Оған аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы қатысып, шаруалармен пікір алмасты. Семинар барысында аудан әкімі жүзім шаруашылығының маңыздылығына тоқталып өтті.
-Кеңес дәуірінде ауданымызда жүзім шаруашылығы қарқынды дамып, шарап зауыттарының жұмысының нәтижесінде экономикаға айтарлық серпін беріліп келген. Бүгінгі таңда ауданда 627,9 га жерде жүзім өсірілуде. Оның 379,0 га «Silk Alley» Винный завод» ЖШС қарасты шарап зауытына, ал 248,9 га ауданымыздағы ұсақ шаруашылықтарға тиесілі. Шикізаттың болмауына байланысты Жібек жолы ауылында орналасқан «Жетісу» ЖШС қарасты ірі шарап зауыты бүгінгі таңда жұмысын тоқтатып өз кезегінде ауданымыздың әлеуметтік – экономикалық жағдайына кері әсерін тигізіп отыр. Ауданымыздың топырағы мен ауа-райы жеміс-жидек пен жүзімнен мол өнім алуға қолайлы. Жоғары агротехникалық шараларды қолдану нәтижесінде сапасы дүниежүзілік стандарттарға сәйкес келетін өнім өндіруге болады.Қазіргі уақытта, ауданымызда ағын су жетіспеуіне байланысты игерілмей жатқан жерлерде тамшылатып суғару әдісін пайдалана отырып жүзім шаруашылығын жүргізуге мүмкіндік мол,- деді Арман Абдуллаев.
Сонымен қатар аудан басшысы дала семинары барысында қатысушылармен облыс әкімінің бастамасымен облыс аумағында жүзім шаруашылығын дамыту бағытында ағымдағы жылдың 7-8 қыркүйек күндері облыс делегациясының Өзбекстан Республикасы, Фергана облысына арнайы барып, жүзім шаруашылығын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстары бойынша тәжірибе алмасқанын жеткізді. Арман Абдуллаев Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Ауыл аманаты» жобасы арқылы Дербісек, Қабланбек, Тегісшіл ауылдық округтерінде жүзім шаруашылығымен айналысуға ниетті азаматтарды 2,5 % несиемен қамтуға болатындығын атап өтті.
Аталған кеңес отырысына бірқатар шаруалар мен кәсіпкерлер қатысты. Семинар барысында әр шаруа өз тәжірибесімен бөлісіп, ойларын ортаға салды. Бүгінде «Сұңқар» ЖШС-не қарасты шарап зауыты, ауданда жүзімнің болмауына байланысты толық қуаттылығын пайдалана алмай отыр. Осыған байланысты Отырар, Түлкібас, Төлеби, Жетісай аудандарынан жүзім тасымалдануда. «Сұңқар»ЖШС шарап зауытының құрылтайшысы Д.Исабаев «Сұңқар»ЖШС шарап зауытының басшысы Н. Әліқұл шаруалардың өнімін алуға дайын екенін жеткізді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
19.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

Шетелдің өнімін пайдаланбай, өзіміздікін өндірейік
Әділжан АШИМОВ, Алматы облысы Ұйғыр ауданының кәсіпкері - 18.09.2024 126
Шамның  жарығы  түбіне  түспейді
Молдаш Әбілхасен, Гүлнар МҰСАБЕКОВА, Жетісу облысы Панфилов ауданы Керімағаш ауылының кәсіпкерлері - 18.09.2024 185
Ауыл – мемлекетіміздің тірегі
Таутабек РЫСБЕКОВ, Қостанай облысы Арқалық қаласы - 18.09.2024 120
Тарихы терең құмыралар
Д.ТОЙЛЫБАЙҚЫЗЫ - 18.09.2024 110
Президент Жолдауы:  Басты құндылық – әділетті қоғам құру
Жанболат САМАШЕВ, Абай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары - 18.09.2024 110
«АУЫЛ АМАНАТЫ» –  ӘР АУЛАНЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРАТЫН ЖОБА
Құсайын САРСЕМБАЙ, Ақтөбе облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы - 18.09.2024 84

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4798
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 4248
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 6820
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 5207
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 6409