ТҮРКІСТАН: САУРАНДА МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДА ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДА ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ
 
Сауран ауданында ауыл шарушылығын, оның ішінде мал шаруашылығын дамыту бағытында жаңа бастамалар қолға алынуда. Атап айтқанда, аудандағы Ескі Иқан ауылдық округінде 20 гектар жерге «Мал бордақылау және малшы үйі» жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жаңа жоба үшін Ескі Иқан елді мекенінен 3 шақырым қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер таңдалып, қажетті құжаттар әзірленуде.
✔️Қазіргі уақытта мал бордақылау алаңын салуға қызығушылық танытқан 35-тен астам кәсіпкер бар. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров ниет білдіруші кәсіпкерлермен белгіленген жер телімінің басында кездесіп, пікір алмасты.
✔️Кездесуде ауыл шаруашылығы жұмыстары үшін барлық қажетті жағдайлар жасау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар жобаны жүзеге асыруға қажетті жол салу, инфрақұрылым тарту жоспарлары айтылды. Осы ауқымды жобалар іске асқанда, ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындары ашылып, аймақтың экономикалық дамуына тың серпін бермек.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
14.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 470
«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 470

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20791
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20575
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35692
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34228
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38103