Түркістан облысы, Созақ ауданының орталығының ішкі жолдарын қардан тазарту және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыстар атқарылды. «Созақ сәулет» КММ тарапынан тазалау жұмыстары жалғасып, ішкі жолдарға инертті материалдар себілген.
Тазалау жұмыстарына бірнеше техника тартылған. 6 тоннадан аса инертті материал себілді. Жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдары да қардан тазартылып, тұрғындардың жүріп-тұруына ыңғайлы жағдай жасалуда. Бұл бағыттағы жұмыстар әліде жалғасады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
10.12.2024