ТҮРКІСТАН: ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА ТҮЙТКІЛДЕР ТАРҚАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА ТҮЙТКІЛДЕР ТАРҚАТЫЛДЫ
Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының кезекті отырысы өткізілді. Оған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, облыстық терроризмге қарсы комиссияның мүшелері мен құзырлы органдардың басшылары, тиісті департаменттердің басшылары және аудан, қала әкімдері қатысты.
Комиссияның белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес, жиынның күн тәртібінде оңалту жұмысымен айналысатын теолог - мамандардың жұмыстарының тиімділігі, діни атрибутикаға қатысты туындаған мәселелер, жастар ортасында интернет кеңістігі арқылы теріс діни ағымына кіруіне қатысты мәселелер және оларды шешу жолдары пысықталды. 2024 жылдың 9 ай қорытындысымен ТҚК қызметі саласындағы орындаушылық тәртіп туралы мәселелер талқыланып, баяндамалар мен сын-пікірлер тыңдалды сондай-ақ, сала басшылары мен аудан, қала әкімдеріне тапсырмалар берілді.
Мәжіліс соңында ақпарат кеңістікті жақсарту, ата-аналардың жауапкершілігін күшейту, ұлттық құндылықтарымызды бағдар ету мәселелері сөз етілді.
Айта кетейік, биыл облыс әкімінің төрағалығымен Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының 3 отырысы және облыстық ТҚК аппараты жанындағы жұмыс тобының 21 мәжілісі өткізілген. Маңызды мәселелер қаралып, тиісті ұсыныстар берілген.
Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы жағдайлардың күрделігіне байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы №589 «Терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Жарлығы қабылданған. Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясы консультативтік-кеңесші орган міндетін атқарып келеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
08.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

Облыстың даму қарқыны көңіл қуантады
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 08.11.2024 50
ӘДІЛДІКТІ ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІНЕН СҰРА, АЛЕКСАНДР!
Талап БЕЙСЕНОВ, Астана қаласы - 07.11.2024 49
АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ – ҚАЗАН ҚАЛАСЫНДА
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 07.11.2024 51

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 7761
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 7181
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 10395
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 8159
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 9395