Түркістанда 2 жарым тонна наурыз көже әзірленді

Түркістанда 2 жарым тонна наурыз көже әзірленді

Түркістанда 2 жарым тонна наурыз көже дайындалды. Ұлттық тағам Ұлыстың ұлы күні мен шаһарда туризм маусымының ашылуына орай әзірленді, деп хабарлады turkystan.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Аспаздық өнер мен ұлттық тағамдарды дәріптеу мақсатында әзірленген жеңсік асқа 250 келі ет пен 1 тонна түрлі дәнді дақылдар қосылған. Көжені әзірлеушілер бір тәулікке жуық уақыт жұмсағандарын айтады. Олар тағамды сыйымдылығы 300 литрге жуықтайтын 12 қазанға бөліп пісірген. Тағам халыққа 150 теңгеден сатылды.

Ұйымдастырушылар одан түскен қаражатты балалар үйіне қайырымдылыққа беретіндерін жеткізді. Ақылы болғанына қарамастан ұлттық тағамнан дәм татқысы келетіндердің санында есеп болған жоқ.

2 жарым тонна наурыз көжені әзірлеу – әрине, енді кішкенте ұйықтамауың бар, оған еңбегің бар... Бірақтан біз мұны махаббатпен сүйіспеншілікпен және осыншама тарихы сәтке өз үлесімізді қосып жатыр деген қуанышпен жасағандықтан біз оған қатты қиналмадық, - дейді ұйымдастырушы Айгерім Наматова.

фото: видеодан алынған скрин

 

https://turkystan.kz/article/257535-turkistanda-2-zharym-tonna-nauryz-kozhe-zirlendi

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
20.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі - 01.04.2025 142
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысы әкімдігі - 01.04.2025 192
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 66
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ  ТӨЛЕБИЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 246
ШАРДАРАЛЫҚ ЗІЛТЕМІР ШЕБЕРІ ТҰҢҒЫШ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 54

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3570
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3778
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18700
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17384
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20805