Түркістан қаласында «Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасы аясында жол қозғалысы ережелерін бұзған азаматтарды анықтау шаралары жүргізілуде. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, Түркістан қаласының патрульдік полицейлері бірқатар құқықбұзушылықты анықтады. Бүгінде аталған бағытта тиісті жұмыстар атқарылуда.
Атап айтқанда, соңғы бір ай ішінде «Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасы аясында 590 автокөлік тоқтатылып, оның 422-сі айыптұраққа жеткізілді. Қосымша 1570 автокөлік жүргізушісіне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Түркістан қалалық полиция басқармасы тарапынан бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.