Түркістанда «Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің белгісі» атты іс-шара өтті

Түркістанда «Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің белгісі» атты іс-шара өтті

 

Түркістанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай мазмұнды іс-шара өтті. Жиынды Түркістан қаласы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты Тілдерді оқыту және дамыту орталығы бірлесе ұйымдастырды. 

Жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған жиында мемлекеттік рәміздер ұлықталып, оған деген құрмет пен мақтаныш сезімін оятты.

Алдымен Мемлекеттік Гимн шырқалды. Бейнеролик көпшілік назарына ұсынылып, халық арасында жүргізілген викториналық сауалнама нәтижесі көрсетілді. Іс-шараға арнайы қатысқан Түркістан облыстық мәдениет басқармасының баспасөз хатшысы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Тұрсынай Шаметова жиынның маңыздылығын атап өтіп, мерекемен құттықтады.

Жас өрендер мен қос мекеме қызметкерлері еліміздің басты құндылықтары саналатын рәміздер жайлы танымдық ақпараттармен танысты. Сонымен қатар патриоттық өлеңдер оқып, күмбірліген күй орындалды.

Мемлекеттік рәміздерге Ту, Елтаңба және Гимн жататынын кішкентай баладан қарттарға дейін білетіні анық. Ол еліміздің тәуелсіздігін, тұтастығын және болашағын бейнелейтін негізгі белгілер саналады. 1992 жылғы 4 маусымында қабылданып, жыл сайын айтулы мереке ретінде аталып өтеді.

Түркітілдес кітапханасының кітапханашысы Гулвера Абудллаева өз баяндамасында нышандарымыздың мәнін тарқатты.  Бейбітшілік пен бірліктің, аспан ашықтығы мен еркіндіктің белгісі болған тудың ортасында алтын күн мен қыран құс бейнеленген. Көк тудың авторы – Шәкен Ниязбеков. Ал Елтаңба мемлекеттің тарихы мен мәдени мұрасын сипаттайды. Шаңырақ, қос пырақ және бесжұлдыз бейнесі бар Елтаңбаның авторлары Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов. Мемлекеитік Гимн ел бірлігі мен рухын ұлықтайды.. 2006 жылы жаңартылды. Сөзін жазғандар –  Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев, ал музыкасы Шәмші Қалдаяқовтыкі.

Қатысушылар белсенділік танытып, өз білімдерін ортаға салды. Сонымен қатар Мемлекеттік рәміздерге арналған бұрыштар безендіріліп, көрмелер ұйымдастырылды. 

Жиынды қорытындылаған орталық директорының орынбасары Жанерке Такибаева қатысушыларға алғысын жеткізіп, Түркістан көпсалалы қолөнер колледжінің студенттеріне сый-сияпат табыстады. Тағылымды шара ақын Әйгерім Жұмабайдың патриоттық өлеңімен қорытындыланды. Бұл іс-шара егемен еліміздің нышандарына деген құрметті арттырып, жас буынның бойына ұлттық сананы ұялататыны анық.

 

Т.Қуанышбайқызы

07.06.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13894
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13845
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28977
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27636
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31146