ТҮРКІСТАНДА ҮЛГІСІ БӨЛЕК ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҮРІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАНДА ҮЛГІСІ БӨЛЕК ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҮРІП ЖАТЫР
Түркістан облысында 5 маусымда өтетін референдумды насихаттау және Ата Заңға енгізілетін өзгерістерді түсіндіру жұмыстары ерекше әрі түрлі форматта өтіп жатыр. «Amanat» партиясының Түркістан облыстық филиалы жанынан құрылған қоғамдық штаб мүшелері әдеттегідей мәжіліс залдарындағы жиналыстарға емес, халық жиі шоғырланған орындарға тікелей барып, диалог орнатты. Бұған дейін штаб өкілдері малшылармен, ауыл тұрғындарымен, тракторшылармен, диқандармен, базардағы сатушылармен, көше сыпырушылармен, ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен, мұғалімдермен, дәрігерлермен, ақсақалдармен және басқа да сала өкілдерімен жүздесті. Жылыжайларда, егістік басында, ашық аспан астында келелі пікір алмасулар өткізілді. Осы кездесулерде тұрғындар тарапынан 980-нен астам түрлі өтініш ұсыныстар түсті. Оның бәрі бақылауға алынып, бірқатары шешімін тауып жатыр.
Штаб құрамына 400-ден астам адам енгізілген. Олардың арасында қоғам және партия белсенділері, фракция мүшелері, зиялы қауым, БАҚ және түрлі сала өкілдері бар. Сонымен бірге республикалық штаб мүшелері де өңірге келіп, халықпен кездесуде.
Жалпы Түркістан облысында 1,1 млн. сайлаушы, 900-ден астам сайлау учаскесі бар. Сайлаушылардың саны жөнінен өңір республикада алдыңғы орында. Бұған дейін партия филиалы жанынан құрылған қоғамдық штаб мүшелері 600-дей кездесу өткізіп, елді мекендерді аралап шықты. Бір ерекшелігі, облыстағы үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстары ерекше әрі түрлі форматта ұйымдастырылған. Мақсат – халықты мейлінше көбірек қамту.
«Amanat» партиясының Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаевтің айтуынша, елдің саяси өзгерістерге ықыласы жақсы. Партия басшылығы тарапынан берілген тапсырмалар мен жоспарлар жүзеге асып жатыр.
– Партия филиалы жанынан құралған қоғамдық штаб бүкіл елді аудан, қаланы, елді мекендерді аралап жатыр. Кездесулерде елге Ата Заңға енгізілетін маңызды өзгерістер, референдумның мән-мағынасы кеңінен түсіндірілуде. 263 фракция мүшесі мен Парламент Мәжілісінің 4 депутаты, жалпы 400-ден астам азамат елге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ерекше форматтар таңдалып, еркін сұхбаттар өтті. Алдағы уақытта өңір жұртшылығы референдумда белсенділік танытады деген сенім мол, – дейді ол.
 
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
27.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 40
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 85
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 88
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 197
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 201
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 415
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 378
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 997

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9073
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8471
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11697
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9460
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10676