ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ КІЛЕМ ФАБРИКАСЫ САЛЫНАДЫ

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ КІЛЕМ ФАБРИКАСЫ САЛЫНАДЫ
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы талқыланды.
– Қазақстан, әсіресе, Түркістан облысы үшін Түркия Республикасының орны айрықша. Біз – бауырлас елдерміз. Түрік бауырлар үшін де Түркістан мен Қожа Ахмет Ясауидің маңызды екенін білеміз. Біз Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тартуға басымдық беріп отырмыз. Шетелдік кәсіпкерлермен келіссөздер тұрақты жүруде, жобалар жүзеге асуда. Түркиямен де іскерлік байланысты нығайтып, сіздердің өндірістік мүмкіндіктеріңізді, тәжірибелеріңізді қолданғымыз келеді. Инвестициялық бастамаларға әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз. Түркістанның өз өнімдерін, өз брендтерін қалыптастыруға күш саламыз, – деген Дархан Сатыбалды жауапты басшыларға жобаны жүзеге асыратын орынды әзірлеп, инфрақұрылымын реттеуді тапсырды.
«Milat Hali» – халықаралық деңгейде танымал ірі компания. Кілем өндірісінде экспорттық әлеуеті жоғары. Компанияның басқарма төрағасы Искендер Каплан Түркістанда жаңа жобаны жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді.
– Тарихи Түркістанға келгеніме қуаныштымын. Бұл шаһар мені тартып тұрады. Түркістанның Түркі әлемінде орны ерекше. Біздің компания кілем және кілем бұйымдары өндірісінде халықаралық деңгейде мойындалған. Әлемнің көптеген еліне тауар экспорттаймыз. Түркістанда да заманауи кілем фабрикасын ашуға дайынбыз. Жұмысты тез бастап кетуге ниеттіміз, – деді ол.
Айта кетейік, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен Түркістан өңірінің делегациясы Түркия елінде болып, инвесторлармен келіссөздер, меморандумдар жасаған болатын. Келіссөздер жемісін беруде. Бұл бағытта жұмыстар жалғасады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
03.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.12.2024 55
АУДАНДА БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 04.12.2024 46
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 136
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 119
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 531
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 500
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 521
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 518
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 512
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 529
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 517

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9764
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9137
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12372
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10140
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11350