ТҮРКІСТАНДЫҚ АЗАМАТ «ЖАН ШУАҚ» МЕРЕЙТОЙЛЫҚ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЗАМАТ «ЖАН ШУАҚ» МЕРЕЙТОЙЛЫҚ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ
Астанада «AMANAT» партиясының қолдауымен Қазақстан мүгедектер конфедерациясы ұйымдастырған «Жан шуақ» қоғамдық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.
«AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов «Жан шуақ» сыйлығын өткізу ерекше қажеттіліктері бар мыңдаған адам үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан игі дәстүрге айналғанын атап өтті.
Партия төрағасының айтуынша, 15 жыл ішінде «Жан шуақ» сыйлығы мүмкіндігі шексіз жандарға қуаныш сыйлап келеді. Сынаққа төзіп, қиын-қыстау жолдан өткен олар бүгінде көмекке мұқтаж жандарға өздері қол ұшын созуда. 
– Ерекше қажеттіліктері бар жандарға қолдау көрсету жұмысы әрқашан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басты назарында. Ел Президентінің бастамасымен Әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша арнайы жобалар іске қосылып, ерекше қажеттіліктері бар жандардың құқықтарын қорғау үшін омбудсмен институты құрылуда, – деді Е.Қошанов.
Қазақстан мүгедектер конфедерациясының президенті, Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының мүшесі Жанат Омарбекованың айтуынша, бұл сыйлықтың басты мақсатының бірі – ерекше қажеттіліктері бар жандардың тұлғалық дамуы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға көмектесу, олардың алға жылжуға және қоғамға пайда әкелуге деген ұмтылысын қолдау.
Айтулы байқауда Түркістан облысы, Кентау қаласының тұрғыны Ерлан Әбдиев «Күшті жігері және жеңіске талпынысы үшін» сыйлығының иегері атанды. Ол мүмкіндігі шектеулі жандарға қарым-қатынас этикасы және ситуациялық көмек көрсету бойынша оқыту тренингтерін ұйымдастырған. Әр аталым бойынша жеңімпаздарға бағалы сыйлық тапсырылды. 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
18.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 19
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 28
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 9
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 14
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 18
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 16
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 31
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 28
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 251
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 246
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 870

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8944
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8336
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11564
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9322
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10548