Түркияның жан саны 85 миллионнан асты

Түркияның   жан саны   85 миллионнан асты

Жақында түркиялық ресми дереккөздер республикадағы халық санының 85 миллион 664 мың 944 адамға жеткендігін хабарлады. Бұл мәлімет 2024 жылы 31 желтоқсандағы көрсеткіштерге негізделген. Нақтырақ айтсақ, ерлер саны 42 миллион 853 мың 110, әйелдер саны 42 миллион 811 мың 834-ке жеткен. Яғни жалпы халықтың 50,02 пайызын ерлер, 49,98 пайызын әйелдер құраған.

Сонау 1923 жылы Түркия Республикасы құрылған шақта бұл елде 13 миллионнан астам адам болған. Олардың шамамен 75%-ы ауылдарда тұрған. Елдегі соғыс пен саяси тұрақсыздықтың салдарынан халықтың басым бөлігін балалар, әйелдер мен қарттар құраған екен. Сонан бергі бір ғасырда бауырлас Түркия елі дамудың даңғыл жолынан тайған жоқ. Қазіргі 85 миллион адамның 80 пайыздан астамы түріктер болса, елдегі екінші ұлт саналатын күрдтердің үлесі 15 пайызға жетеді екен. Барлығы бір тілде сөйлейтін түркиялықтардың 99 пайызы мұсылмандардан тұрады.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
14.02.2025

Ұқсас жаңалықтар

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі - 01.04.2025 179
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысы әкімдігі - 01.04.2025 232
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 71
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ  ТӨЛЕБИЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 272
ШАРДАРАЛЫҚ ЗІЛТЕМІР ШЕБЕРІ ТҰҢҒЫШ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 59

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3593
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3801
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18724
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17406
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20829