Үкімет басшысы «Жошы хан» кешенінде болды

Үкімет басшысы  «Жошы хан»  кешенінде болды

Өткен аптада Ұлытау облысына Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов жұмыс сапарымен келіп, өңірдің өнеркәсіптік әлеуетімен танысты. Бірқатар маңызды нысандарды аралап, алда тұрған ауқымды жоспарларды талқылады.

Бұған дейін де өңірімізге келген ұлықтардың бәрі әуелі Ұлытауға ат басын бұрмай, ондағы ұлы тұлғаларға тәу етпей кеткен емес. Бұл жолы да солай болды. Премьер-министр өзінің өңірге жұмыс сапарын «Жошы хан» тарихи-мәдени кешенінен бастады. 

Оған негіз де жоқ емес. Биыл Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толды. Осынау айтулы датаға орай елдің әр аймағында танымдық-тағылымдық шаралар, конференциялар мен жиындар өтуде. Оған еліміздің тарихшыларынан бөлек таяу һәм шалғай шетелдерден де оқымысты ғалымдар келіп, қатысуда. Осындай іс-шара легі Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2021 жылы салынған «Жошы хан» тарихи-мәдени кешенін айналып өтіп жатқан жоқ. Кешен бүгінде тарихшылар мен туристер легі толастамайтын орынға айналған.

Жалпы, Алтын Орданың 750 жылдығы аясында Президенттің тапсырмасы бойынша салынған нысанның жұмысы жылдан-жылға жанданып келеді. Мамандардың айтуынша, нысан ашылғалы бері еліміздің өңірлерінен, алыс және жақын шетелдерден 35 мыңнан астам турист келген. 

Өңірімізге келген Үкімет басшысы Олжас Бектенов кесене маңында орналасқан тарихи-мәдени кешеннің жай-күйімен танысып, Жошы хан ескерткішін тамашалап, шатырлы қалашық пен туристерге арналған қонақүйді аралап көрді. 

– Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде Жошы ұлысы Қазақстанның мемлекеттігі тарихында маңызды орын алатынын атап өтті. Кешеннің маңыздылығын ескере отырып инфрақұрылымды одан әрі дамыту және туристік әлеуетті жақсарту үшін барлық шараларды қабылдау қажет, – деп атап өтті Олжас Бектенов кешен басындағы кездесуде сөйлеген сөзінде.

 

Шаргүл Қасымханқызы
28.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

Негізгі миссия - Заң және тәртіп
Бас прокуратураның баспасөз қызметі - 24.02.2025 579
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЖАС ПОЛИЦЕЙЛЕР СЕНБІЛІККЕ АТСАЛЫСТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.02.2025 47
ТҮРКІСТАНДА БЕКЗАТ САТТАРХАНОВТЫҢ 45 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ТУРНИР БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.02.2025 3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІР ЖЫЛДА 5 ЖАҢА ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ҚҰРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.02.2025 24
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАУЫНГЕРЛЕР КЕЗЕКТІ ДАЙЫНДЫҚТАРЫН ЖҮРГІЗДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.02.2025 27

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 14721
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 13504
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 16798
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 15669
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 20744