Украинада ешкімді қалдырмаймыз

Украинада ешкімді қалдырмаймыз

     Украинадан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау қалай жүріп жатқаны туралы айтқан ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров: «Украинада әскери әрекеттер жүріп жатыр. Және елден тек Қазақстан азаматтары ғана емес, басқа ел азаматтары да кеткісі келеді. Біз қазақстандықтар үшін бар жағдайды жасаймыз. Киевте 8 ғана дипломатымыз бар. Қазақстандықтарды Польша шекарасына жеткізуде елшілік өкілдері бірге барып жатыр. Бірақ, мамандарымыз жетпейді, елшілікте де біреу қалу керек. Отандастарымызды шекараға жеткізген соң, елшілік өкілдері қайтып келіп, келесі топ адамдарды жолға алып шығады. Украина мен Польша шекарасында қазақстандықтарды елшіліктің өкілдері күтіп тұр. Олар тізім бойынша біздің азаматтарды тексеріп, одан әрі шығарып салады. Шекарада 2 елдің де кеден қызметі шұғыл әрі төтенше режимде жұмыс істеп жатыр. Бастысы олар түсіністікпен қарайды және өте сыпайы. Біздің дипломаттар Украина қалалары мен Польша шекарасы арасында жанталасып жүр. Сондай-ақ, жедел желі жұмыс істеп тұрғанын еске салайын. Украина шекарасындағы ұзынсонар кептеліс 20-40 шақырымды құрайды. Біз ешкімді қалдырмаймыз, барлық азаматтарды алып шығамыз», – деп мәлімдеді.

Ермек Сахариев
28.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 836
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6910
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10750
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6979
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7120