Өскемен қаласында өткен ерлер мен әйелдер арасындағы қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының кубогында ҚР Ұлттық ұланының 3502 әскери бөлімінің қызметкері Дәулет Дархан жүлделі 2-орынды иеленді.
Бұл туралы ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады. Ағымдағы жылдың 1-3 наурыз күндері аралығында Өскемендегі Қажымұқан атындағы спорт сарайында ұйымдастырылған ел кубогына еліміздің барлық аумағынан 300-ден астам спортшы қатысты. Осы жарыста өз өнерін көрсеткен Ұлттық ұланның Ақтау қаласында орналасқан 3502 әскери бөлімінің қызметкері Дәулет Дархан ерлер арасында 80 келі салмақ дәрежесінде күш сынасқан болатын. Ұландық сарбаз финалдық бәсекеде есе жіберіп, сайыс қорытындысы бойынша екінші орынға табан тіреді. Жарыс соныңда жүлдегерлерге медальдар мен мақтау қағаздары табысталды.