Мәселен, Қордай ауданында облыстық мұрағат, халыққа қызмет көрсету орталығы, Аухатты, Қарасу ауылдарында спорт кешендері, Қарасу, Бетқайнар ауылдарында мәдениет ошақтары, Сұлутөр, Аңырақай ауылдарында медициналық мекемелер салынды. Талас ауданындағы Ойық, Бостандық ауылдарында спорт кешендерінің, Көктал ауылында мәдениет үйінің құрылысы аяқталуда. Жуалы ауданындағы Кәріқорған ауылында спорт мектебі, Қарасаз ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Қайрат ауылында 149 орындық мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде. Жаңатұрмыс ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен Ақыртөбе, Жаңатұрмыс ауылдарындағы мәдениет ошақтары жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, Еңбекші, Қызылшаруа, Көкарық, Ақыртөбе ауылдарында мәдениет ошақтарының, Жаңатұрмыс ауылында клубтың құрылысы жүргізілуде. Ауданның даму жоспарына сәйкес алдағы төрт жылда бес мектеп, бес спорт кешені, алты мәдениет үйін салу жоспарлануда. Жыл соңына дейін Меркі ауданындағы Андас батыр және Сарымолдаев ауылдарында үш спорт кешені пайда болады. Ғимараттарды абаттандыру, жарықтандыру, күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша 15 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Ақтоған, Кеңес, Ойтал ауылдарында саябақтар абаттандырылып, Қазақдихан ауылында саябақ салынады. Талдыбұлақ, Ойтал ауылдарында спорт алаңдары ашылады. Сондай-ақ Меркі ауылындағы орталық саябаққа Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш пен балалар алаңын орнату да жоспарда бар. Мойынқұм ауданында биыл Айдарлы ауылында клуб, кітапхана, спорт кешені салынады. Қияқты және А.Назарбеков ауылдарында жаңа футбол алаңдары пайда болады. Бірлік, Ұланбел, Мыңарал ауылдарында жергілікті кәсіпкерлердің қаржылай қолдауымен балалар алаңы және футбол алаңдары салынды. Биыл Шу ауданында 116 миллион теңгеге алты заманауи балалар ойын алаңы бой көтереді. Сонымен қатар, Қасымхан, Победа, Железнодорожник көшелерінің бойындағы саябақтарды абаттандыруға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.