Ұлт ұстазы ұлықталды

Ұлт ұстазы ұлықталды

Қарт Торғайда ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Дүбірлі тойға арнайы келген Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев алаштың қос алыбы Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімінде құттықтау сөз сөйледі.

«Құрметті қауым, қадірлі торғайлықтар! Алдымен баршаңызды ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Жалпы, Ахаң туралы айтқанда, оның қайраткерлігі мен қаламгерлігі қатар еске түседі.

...Ұлт ұстазы қазақ халқының заман көшінен қалмауын қалады және осы мақсатқа бүкіл өмірін арнады. Сондықтан халық үшін өмірін қиған Ахаңдай арысымызды ұлықтап, мұрасын дәріптеу, еңбегін насихаттау – бар қазақтың міндеті десек артық бола қоймас. Биыл осы мерейтой аясында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Көптеген елдімекендерге, көшелерге, нысандарға Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді. Ахаңның кіндік қаны тамған Сарытүбекте кесенесі тұрғызылды. Ал дәл қазір ашылып жатқан ескерткіштің Ахаң мен Жахаңа арналуында үлкен символикалық мән бар. Себебі екі арысымыз да ұлтты ояту жолында еңбек етті. Ахаң мен алаштың бірге аталуы заңдылық. Сондықтан бұл ескерткішті барша алаш арыстарының рухына тағзым, соларға көрсетілген құрмет деп қабылдауымыз керек. Ескерткіштің Ахмет пен Міржақыпқа арналуының тағы бір маңызды себебі қос қайраткердің де осы өңірдің тумасы болуында екені сөзсіз. Жалпы, Торғай өңірі – Ахмет пен Міржақыптай талай арыстарымыз шыққан қастерлі мекен. Ұлтымыз үшін бұл өлкенің орны бөлек», – деді Сенат басшысы. 

07.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 89
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 96
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 394
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 379

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18292
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18154
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33343
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31894
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35637