Қазақтың көрнекті ағартушысы, ғалым, қоғамқайраткері, "Алаш" партиясының мүшесі АхметБайтұрсыновтың 150 жылдығына орай Saryarqaарнасы "Сарыжайлау" кинотеатрының қолдауымендеректі фильм түсірді. "Ұлттың рухани көсемі" кинокартинасы Қазақстан халқының Тілдері күнінеарналған мерекеде таныстырылды. Премьералықкөрсетілім Достық үйінде өтті.
Фильм Ахмет Байтұрсыновтың Қарқаралыауданындағы өмірі мен жұмысы туралы баяндайды. Түсірілім Ақтерек ауылында өтті.
– Деректі фильм – мәдениет, архивтер жәнеқұжаттама және тілдерді дамыту басқармаларының, Saryarqa телеарнасы мен біздің кинотеатрдыңбірлескен жобасы. Фильмде АхметБайтұрсынұлының осы ауылдың мектебінде сабақберген кезіндегі өмірі көрсетілген. Ол соныменқатар осы оқу орнының негізін қалаушы жәнеқұрушысы. Қазір бұл мектеп тарихи-мәдени мұраобъектісі мәртебесін алды және мемлекеттіңқорғауында. Ал жанында Ахмет Байтұрсыновтыңесімімен аталатын жаңа мектеп салынды, – деді"Сарыжайлау" кинотеатры директорыныңорынбасары Ноян Жүнісов.
Екі күнге созылған түсірілімге Ақтерекауылының тұрғындары қатысты. Олардыңқатарында Ахмет Байтұрсынов атындағы мектептіңмұғалімдері мен балалары бар. Сондай-ақ, С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақтеатрының кәсіби актерлері тартылды. АхметБайтұрсыновты Ахай Жұмамұратов ойнады.
Жақын арада 30 минуттық картина Saryarqaтелеарнасында көрсетіледі және басқармалардыңәлеуметтік желілерінде қолжетімді болады. "Сарыжайлау" кинотеатры бұл фильммен Ақтерекауылына барады.
Іс-шара аясында Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУмен Гоголь атындағы облыстық кітапхананыңбірлескен көрмесі өтті. Мұнда мерейтой иесініңкітаптары мен еңбектері, сондай-ақ тілдердіоқытуға арналған әдістемелік құралдар ұсынылды.
– Биыл "Бір ел – бір кітап" акциясы аясындаАхмет Байтұрсыновтың шығармалары ұсынылды. Бұл кітап көрмесі кітапханада жыл соңына дейінжалғасады. Келесі жылы 22 қаңтарда біздіңқызметкерлер Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған әдеби-тарихи іс-шара дайындайды, – дейді Гоголь атындағыкітапхананың абонемент бөлімінің меңгерушісіЖарқынай Зәрубекова.