ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСТЫ НАЗАРДА

ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСТЫ НАЗАРДА

«Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады», – деп хабарлайды Ақорда.

Президентке ведомствоның алдағы кезеңге арналған жоспары, сын-қатерлерді ескере отырып ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шешімдері туралы баяндалды.

ҰҚК төрағасы ұлттық қауіпсіздік органдарын перспективті дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралар, жедел қызметтік іс-қимылды ұйымдастыру және оның құрылымын жетілдіру жөнінде мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнайы қызметті кадрлық және техникалық тұрғыдан нығайту, нормативтік-құқықтық базаны жаңғырту, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі үдерістерді оңтайландыру мен цифрландыру жұмыстары жайында айтылды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына халықаралық терроризмге және діни экстремизмге, ұйымдасқан қылмысқа, есірткі бизнесіне қарсы тұру, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік шекараны қорғау және күзету салаларындағы жағдай туралы ақпарат берілді.

Кездесу соңында Президент ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
23.01.2025

Ұқсас жаңалықтар

Инженер, құрылысшы, қоғам қайраткері марапатталды
Әсем ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы - 15.05.2026 84
Субұрқақтар және әсем де жайлы тұрғын үйлер
М. ТАБЫН, Ақтөбе қаласы - 15.05.2026 82
Жаңа ережелер   енгізілуде
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 88
Арнайы мамандар тәжірибе алмасты
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 85

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25165
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24685
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42109
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37967
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42439