Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы басталды

Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы басталды

 

Бүгін Ұлттық құрылтайдың секциялық отырыстары күні бойы жалғасуда.

Бурабайда Ұлттық құрылтай бастамаларының жүзеге асырылу нәтижелері талқылануда.

Ұлттық құрылтайдың 4-отырысының алғашқы күні: жұмыстардың нәтижелері мен жаңа бастамалар

Бурабайда Ұлттық құрылтайдың жұмыс секцияларының отырыстары басталды.

Күні бойы құрылтай мүшелері «Азаматтық қоғам», «Мәдениет. Өнер. Руханият», «Білім және ғылым», «Әлеуметтік-экономикалық даму» секциялары аясында өзекті мәселелерді талқылауда.

Секциялар жұмысына Үкімет пен орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, құрылтайдың өткен жылы наурыз айында Атырау қаласында өткен үшінші отырысында көтерілген бастамалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.

2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық орта білім беру ұйымдарында енгізілген Жаңартылған тәрбие жұмысы бағдарламасының алғашқы нәтижелері қарастырылуда.

Құрылтай мүшелері өз сөздерінде жалпыұлттық құндылықтарды одан әрі дамыту қажеттілігіне назар аударды. Биылғы «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында еңбекқорлық пен кәсібилік құндылықтарын дәріптеуге ерекше мән берілді.

Сондай-ақ, жұмыс секцияларының қатысушылары білім мен ғылымды қолдау және дамыту бойынша қабылданған шараларды оң бағалады. «Жайлы мектеп» бағдарламасының нәтижелері, стипендиялардың көтерілуі, шетелдік ЖОО-лардың жаңа филиалдарының ашылуы, көрнекті ғалымдар мен педагогтардың мемлекеттік марапаттармен ынталандырылуы ерекше атап өтілді.

Құрылтай мүшелері мемлекет пен қоғамның әлеуметтік кеселдерге қарсы бірлескен жұмысына да назар аударды. Лудоманияға қарсы кешенді жоспардың, есірткіге қарсы күрес жоспарының алғашқы нәтижелері қаралды. Сондай-ақ, 2024 жылы 16 маусымда күшіне енген тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы заңнан кейін әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігі атап өтілді.

Құрылтай мүшелері биылғы жылдың маңызды оқиғалары ретінде Мемлекеттік егемендіктің 35 жылдығын, Конституцияның 30 жылдығын, Ұлы Жеңістің 80 жылдығын және Абайдың 180 жылдығын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, құрылтай мүшелеріне Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Президент Қ.Тоқаевтың энергетика, көлік, тұрғын үй құрылысы және газдандыру салаларындағы кең көлемді инфрақұрылымдық бастамаларын іске асыру нәтижелері туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, өткен жылы 2029 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылымдық жоспар қабылданды. Оның аясында жалпы құны 40 трлн теңгеден асатын 200-ден астам жоба іске асырылмақ.

Секция жұмыстары өнімді диалог форматында өтуде, ұлттық құрылтай мүшелері өздерінің жаңа бастамаларын әріптестерімен және мүдделі мемлекеттік органдармен тікелей талқылауда.

Жалпы, жұмыс секцияларының қатысушылары Ұлттық құрылтайдың үш жыл ішінде идеяларды ұсыну және қоғамның бірлігін нығайтуға бағытталған стратегиялық қадамдарды қалыптастырудың басты институтына айналғанын атап өтті.

13.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі - 01.04.2025 142
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысы әкімдігі - 01.04.2025 192
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 66
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ  ТӨЛЕБИЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 245
ШАРДАРАЛЫҚ ЗІЛТЕМІР ШЕБЕРІ ТҰҢҒЫШ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 54

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3570
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3778
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18700
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17384
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20805