Алматы облысында өткен шағын көкпар турнирінен меркілік команда жеңімпаз атанып келді.
Көктебеде өткен шағын көкпар – JKL турниріне Меркі ауданынан «Меркі»», «Ақтоған» командалары, Қарағанды, Алматы, Ұзынағаштан келген көкпаршылар қатысқан.
Дәстүрлі жарысты ұйымдастырушы Жастар лигасының президенті Данияр Даукей спортшыларға барлық қолайлы жағдай жасап, қомақты сый дайындаған.
Байрақты сында 1-орынды – «Меркі» командасы, 2 орынды – Қарағанды, 3-орынды – Алматылық көкпаршылар иеленді.
Аудан абыройын асқақтатқан «Меркі» командасының құрамында Әлтиекбай Ерсұлтан, Құлсариев Есіркеп, Жақсылықов Руслан, Төтенов Елдар тамаша ойын көрсетті.
Бүгін аудандық спорт және денешынықтыру бөлімінің басшысы Айваз Османов үлкен жеңіспен келген «Меркі» командасын қабылдап, жеңістерімен құттықтады.
Команда мүшесі Әлтиекбай Ерсұлтан осы лигада «Үздік ойыншы» атанып, Меркінің мерейін тағы бір көтерді.