Мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы мен киесі».Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ.Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ.
Ғылым иесі ғалым да,ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, бәрі – ұстаздан білім, тәлім алған,сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Адам өмірі жаңа нәрсені үйренумен,тың дүниені меңгеруімен құнды, әрі мағыналы.
Тарихта барлық мамандықтардан бұрын ұстаз мамандығы ең алғашқы болып пайда болған дерек бар,өйткені ұстаздық қызметін таңдаған адамның бойында әлемнің барлық мамандығының ұшқыны кездеседі.
«Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» деген сөздің түп төркіні өте терең. «Ұстанымы» дегенде адамның өмірге деген көзқарасы, дүниетанымы,белгілі бір дәрежеде адамның бүкіл болмысы ұстаздың қолында деген мағынаны білдіреді.Ұстаздың абыройы биік болуы – бүкіл елдің абыройының асқақ болуының кепілі. Өркениетті елдердің барлығында ұстазға деген құрметі өте биік дәрежеде, өйткені ұстаз бүкіл бір ұлтты тәрбиелеп отырған басты тұлға.
Қазақ халқының осы жаңа заманға ең құнды болып есептелетін тарихынан,тілінен айырылмай,ұлттық намысын, келбетін сақтап жетуі – Ыбырай Алтынсарин, М.Әуезов сынды нар тұлғалы, бүкіл ұлтты тәрбиелеген ұлы ұстаздарымыздың арқасы.
Ұстаздан дәріс алмаған адам қазір жер бетінде жоқ десе де болар. Бұл мамандық содан да киелі. Жан –Жак Руссоның «Ұстаз болу өз уақытыңды аямау,басқаның бақытын аялау» деген нақыл сөзі жаныма өте жақын.Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес,тұла бойы тұнған өнеге,ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі.
Міне, бүгінгі соңғы қоңырау мерекесінде осындай ізгі ниет иесі Тараз қаласындағы 54 мектептің оқытушысы-Рысдаулетова Қаламқас Жамбылқызы туралы аз-кем сөз қозғасақ.
Қаламқас – жас болса да, көпке үлгі болатындай жандардың бірі. Ісіне өте жауапты да тыңғылықты қарайды.
Күнделікті сабақтарын жаңартылған оқу бағдарамасына сәйкес қызықты да тартымды өткізеді.
Оқушыларының ұстаздарына деген алғысы мен құрметтері ерекше. Ұстаз бойынан алдында отырған әр оқушысына мейіріммен қарап, терең білім беруде көп ізденіс үстінде жүретіні байқалады.
Әріптестерінің арасында да беделі жоғары. Қызмет бабында кіші демей, үлкен демей өз білгенін айта отырып, әдістемелік көмек беруде еш қарсылық жасамайтын қамқор жан.
Қаламқастың бойынан көпшіліктен табыла бермейтін қасиеттерді тағы көресің. Байыппен сөйлеу мәдениеті, педагогке лайық киініп, салмақты жүретіні, айналасына шуақ шаша жадырап қарайтын бейнесі адам баласын сүйсіндірмей қоймайды.
Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – Қаламқас ұстаздың басты міндеті.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,- демекші, осы жылдарда биыл 4 ші рет бастауыш сынып оқушыларын баяндауышқа шығарып салған ұстаз өзінің қызмет жолында аға ұстаздардың алар орны ерек дейді.
Дана Абай «Болмасаң да ұқсап бақ» деп айтқандай, Қаламқас Жамбылқызы мектептегі орны бөлек мектеп директоры: Тогисова Раисаға және Оразбай Рабиға, Баккараева Асем, Айжан Амантайқызы Гүлжахан Кожатаева, Гауһар Алдабергенова, Телеуова Гульфайруз, Бану Серікбайқызы, Үсен Нұрмаханұлы, Гүлнар Ағабекқызы, Еркебұлан Бекетұлы орынбасарларына деген алғысы шексіз.
Жаңашылдықтың қыр-сырын өз деңгейінде меңгерген ұстаз алдынан келешекте елінің көк туын биікке желбіретіп, Қазақстанның болашағы үшін білім майданында ерекше күресе білетін білімпаз шәкірттердің талайы шығатынына кәміл сенемін.
ДАРИХА ҮМБЕТИЯРОВА