Үнемделген қаржы есебінен 14 каналды бетондау жобасы іске асырылып жатыр

Үнемделген қаржы есебінен 14 каналды бетондау жобасы іске асырылып жатыр

Су ресурстары және ирригация министрлігі Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесіп жүзеге асырып жатқан ирригациялық желілерді реконструкциялау жобасы аясында үнемделген қаражат есебінен 14 каналды бетондауды жоспарлап отыр.

 Каналдардың жалпы ұзындығы 85,5 шақырым. Қазіргі таңда «Сәмбет», «Байзақ», «Жамбыл», «Қуат», «Қуат оң жағалау», «Қуат сол жағалау», «Исмаил», «Бошақай», «Бошақай-1», «Бошақай-2», «Саза», «Төменгі Саза» және «Айтақ» каналдарында жұмыстар басталып кетті. Ал «Сейдалы» каналы бойынша конкурс рәсімдері жүргізіліп жатыр.

 Сонымен қатар Жамбыл облысының Байзақ ауданында жалпы ұзындығы 85,3 шақырымды құрайтын 17 каналға арналған жобалау-сметалық құжат әзірленді. Оның ішінде 12 жоба мемлекеттік сараптамадан өтіп үлгерді. Құрылыс-монтаж жұмыстары жыл соңына дейін басталады деп жоспарланып отыр.

 «Барлық жоба бойынша Еуропалық қайта құру және даму банкінің өңірлік кеңсесінен мақұлдау алынды. 2026 жылдың басына қарай Су ресурстары және ирригация министрлігі ЕҚДБ-мен бірлескен 46 жобаны аяқтады. Нәтижесінде 502 шақырым канал реконструкцияланды. Биыл тағы қолданыстағы 5 жобаны аяқтау жоспарланып отыр», — деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

 

ҚР Су ресурстары және ирригация

министрлігінің баспасөз қызметі

03.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Мен  таныған  Бақтықожа –  ізгі адам
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 01.04.2026 90

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24177
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23850
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41317
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37233
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41531