Ақпан айында өңірдегі шаруалардың басын қосып, қолда бар дақылдарды тездетіп жерге орналастыру қажеттігін алға тартқан едік.
Көктем айында жауан-шашынның көптеп түсуі барлығымызға қуаныш сыйлап отыр. Шаруалар алғаш еккен өнімнің көлемінен алаңдамауға болады.
Дегенмен аудан шаруалары суару әдістерінің заманауи тәсілдерін меңгергені жөн.
Ауылдықтармен жолыққан сайын жерасты суларын тиімді пайдалану үшін ұңғыма қазу ерекшелігіне тоқталып жүрміз.
Биыл 30 ұңғыма қазу жоспарланса, оның 19 аяқталды. Жоспар орындалар болса, 758 гектар алқапты тамшылатып және жаңбырлатып суаруға толықтай мүмкіндік болады.
Шаруаларға тағы бір айта кетерлігі, мемлекет ұңғыма қазуға жұмсаған қаражаттың тең жартысын шаруаға қайтарып береді. Ұңғыма қазғанға дейінгі инфрақұрылым жүйесін жүргізуге де дәл осындай жеңілдік қарастырылған.
Бүгінде бұл жұмыстарды Бірлесу-Еңбек ауылындағы «Саят», «Арай агро» шаруа қожалықтары қолданысқа енгізіп отыр. Ауыл шаруашылығы бөліміне азаматтарға жеңілдікке қол жеткізу үшін тиісті құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсету керектігін тапсырдым.
Жеңілдік бойынша шаруаларға айта жүрсеңіздер болады.