ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді

ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді

ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді

2022 жылы 16 сәуір күні Тараз қаласында Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің әкімшілік ғимаратының салтанатты ашылуы өтті.

Облыс әкімі Н.Нұржігітов салтанатты шара барысында сөз сөйлеп, ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Шекара қызметінің әскери қызметшілеріне өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етудегі еңбектері үшін алғыс білдірді. Шекара қызметінің күшті дайындығы мен жұмысын үнемі жетілдіріп отыруда олардың жайлы, заманауи ғимаратта, жаңа техникаларды пайдалана отырып, жұмыс істеуі маңызды.

Өз кезегінде ҰҚК төрағасы Е.Сағымбаев облыс басшылығына жаңа ғимараттың құрылысына көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын жеткізді.

Шекарашылар халықтың, елдің мүдделеріне мінсіз қызмет ететініне және қызметтік борышына адал болатынына сенім білдірді.

Салтанатты ашылу рәсіміне ҰҚК ШҚ директорының бірінші орынбасары А.Аймурзин, сала ардагерлері, ШҚ-нің әскери қызметшілері және аумақ жұртшылығының өкілдері қатысты.

 

http://zhambyl.gov.kz
16.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 6514
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 6644
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 21623
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 20237
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23723