Орал қаласында тәрбиелі ұл-қыз өсіріп отырған көпбалалы отбасылар аз емес. Солардың бірі – Бектұрғановтар отбасы.
Бала – өмірдің мәні, ұрпақ жалғасы. Жуырда 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күнін атап өттік. Ал көпбалалы отбасындағы жеткіншектер туралы әңгіме бөлек.
Біздің кейіпкерлеріміз Роллан Бек-тұрғанов пен Кәмшат Ізғалиқызы өз шаңы-рақтарында төрт ұл мен бір қыз тәрбиелеп отыр. Тұңғыштары Дастан спортқа жақын, армрестлингтен спорт шеберлігіне үміткер екен. Бүгінде жиырмадағы жас жігіт Алма-тыдағы арнайы мақсаттағы №38 Райымбек батыр атындағы №61993 бригадада мінсіз қызмет атқаруда. Төрт ұлдың ортасында еркелеп өскен қыздары Аружан – биылғы оқу жылында №44 мектеп-гимназиясын бітірген түлектердің бірі. Ал Байғасыр есімді ұлдары биыл қаладағы №24 жалпы білім беретін орта мектептің 9-сыныбын тамамдап отыр. Үздіксіз турникке тартылу мен ауыр атлетикадан жеңімпаз спортшы Байғасыр білім алған мектебі мен ұстаз-дарының мақтанышына айналған. Аудан-дық жарыстарға шығып жеңімпаз атанып үлгерген жас спортшының бірнеше ме-дальдары, Алғыс хаттары бар. Жетінші сыныпты бітірген Әсетхан есімді ұлдары компьютерді жетік меңгерген. Отбасының ең кішкентайы әрі еркетайы, алданышта-ры, кенжесі екі жасар Алихан балабақшаға барады. Ондағы мәдени іс-шараларда, ертеңгіліктер мен концерттерде тақпақ оқып, би билейді.
– Өзім отбасымда 4 қыз, бір ұл болып өстік. Алдымда менен үлкен төрт әпкем бар. Ата-анам біздерге зор сенім артатын еді. Бүгінгі балаларым – менен тараған ұрпақ. Солардың бақытты, тыныш өмірі үшін жұбайым екеуіміз еңбек етудеміз. Есейген балаларым қолғанат болуда. Соған риза боламыз. Өз әкем велосипед тебуден алдына жан салмаған спортшы болды. Аренада топ жарған, «ауданнан шыққан жерлесім» деп, әкемнің құрдастары мақта-нып жүретін. Әкем велосипед тебуден желмен жарысқан ССРО-ның чемпионы, ұлдарым атасының жолын қуған болар, спортқа жандары жақын. Осы балаларым-нан, қазақтың жігіттерінен елдің рухын кө-теретін спорт саңлақтары шығады деп зор үміт артамын. Тәуелсіз елдің туын көтеріп, тұғырын орнатқан ұлы шерудің алдыңғы шебінде жүретін намысты ұлдарымыз бен қыздарымыз болса, халқымыздың қашанда мерейі үстем болады, – дейді отағасы.
Ерлі-зайыпты Бектұрғановтар бала-лардың белсенділіктерін арттыру, ортаға бейімдеу, өз-өзін құрметтеуге, жеке тұлға ретінде өзін көрсете білуге тәрбиелеу мақсатында жұмыс жасап келеді. Ал енді шаңырақ иелерінің бірі полиция қызмет-кері болса, бірі – ұстаз. Полиция капита-ны Роллан Бектұрғанов – Орал қалалық полиция басқармасына қарасты Жергілікті полиция қызметі бөлімі №25 учаскелік по-лиция пунктінің инспекторы. Ал жұбайы Кәмшат Ізғалиқызы Молдағалиева жоға-ры санатты мұғалім, музыка пәнінен сабақ береді. Мектеп-гимназиядағы бірлестіктің жетекшісі, зерттеуші-педагог. Өз пәнін те-рең әрі жан-жақты меңгерген тәжірибелі маман.
ЛӘЗЗАТ ҚАЖЫМОВА,
БҚО Орал қаласы